jump to navigation

Үрейлендіруден жалықпағандар Қазан 24, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: , ,
trackback

francis-bacons-triptych_48-787509

Біз апат атаулымен гипноздалғанбыз. Кейбір журналистер шектен шығып кетеді, олар «таң қаларлық», «болып көрмеген», «керемет», «ес кетерлік» деген эпитеттерді жаудыра береді. Сонысы олардың үрейге деген құмарын көрсетіп-ақ тұр. Олар суреттегі өлімді жақсы көреді. Олардың кәсібі де сол. Және олардікі дұрыс: бұл Дантенің «Тозағы», Октав Мирбоның «Азап бақшасы», Фрэнсис Бэконның суреттері сияқты тамаша. Бұл сұмдықтың арбап алғанынан ұялудың қажеті жоқ. Дж. Г. Баллард: «Зорлық – XXI ғасырдың поэзиясы».

extrait du roman “L’égoïste romantique” Frédéric Beigbeder

Пікірлер»

1. terror - Қазан 24, 2009

Зорлық-зомбылықтан ақша жасап отырғандар жайлы неге айтпайсың жорнәлес ханым?

arsenal777 - Қазан 24, 2009

біріншіден, сіз маған “сен” дейтін арамызда таныстығымыз жоқ, екіншіден, мүлдем басқа нәрсені айтқым келді.

terror - Қазан 25, 2009

Cіз деп сөйлеуді білмеуші ем, айып етпегейсің. “Зорлық – ХХІ ғасырдың поэзиясы” дегеніңе қосқан ойым ғой. Әлде цензурадан қорқасың ба?

2. Ansar - Қазан 24, 2009

Экшн журналистер ма?

arsenal777 - Қазан 24, 2009

мын постта журналистердің кәсібі цинизмді талап етеді деп айтып тұр.

3. arsenal777 - Қазан 25, 2009

@terror осы сөзді тура мағынасында неге қабылдайсыз?
Цензурадан қорқатындай берер ақпаратым (факт деп оқуыңызды сұраймын) жоқ. Бір сөзге жабыса қалып, оны бүкіл жерге тықпалайтындар…

terror - Қазан 26, 2009

Сөзді басқа арнаға бұрып отырғаныңа қарағанда тізеңде дірің бар!

arsenal777 - Қазан 26, 2009

сіз өзіңіздің болжаулар мен жеке ойларыңызды жария етпесеңіз де болады және сізбен дауласам немесе айтайын дегенімді сізге түсіндірем деген құлшынысым да жоқ. осымен тәмам, аман болыңыз.

4. aizhannur - Қазан 25, 2009

Aresenal durys aitasyz…

alaida bir ak narse bar, jurnalis kauymynyn sonda negativti akparatka kuwtarlygyn durys dep kabyldai almaimyn…

omir onsyz ak katygez, al onyn ustine kurmetti jurnalistter jagdaidy odan saiyn tunertip jiberetin sekildi…

arsenal777 - Қазан 25, 2009

әрине, автор осыны келемеждеп отыр емес па.
қорқынышты жаңалықтарды естімес үшін, телевизорыңызды сөндіріп, тек қана негізгі ақпарат беретін ақпарат агенттіктердің лентасына жазылыңыз :)

5. aizhannur - Қазан 26, 2009

birak olai jasaityn bolsa, adam kukygyn wekteu emes pe? kalai oilaisyz?
mumkin kurmetti jurnalistter wyndykty gana jaza bastar?

al en jaksysy sondai akparat tyrlerine arnaiy arna awu kerek.. korem deseniz, kosasyz koresiz degendei :) ))

arsenal777 - Қазан 26, 2009

сенесіз бе, жоқ па, бірақ көп жағдайда шындық ешкімге қажет емес…
сіз айтқан арнайы арна шынымен де қажет кейде.

terror - Қазан 26, 2009

Шындық ешкімге керек емес! Бұл шындықты бұрмалап, қарақан басының қамын күйттегендердің ұстанымы! Шынайы ақпаратпен қоғамды қамтамасыз ете алмасаңыз, сіз де халықты алдаушылардың қатарына қосыласыз! Осы жерден қоя салыңыз!

6. technosyndrom - Қазан 26, 2009

Шынында, «таң қаларлық», «болып көрмеген», «керемет», «ес кетерлік» деген эпитеттерден тұз кетті. Қазақ журналисттері бұларға қоса: «белгілі», «танымал», «атақты» деген сөздер де реңкінен айнып кетті. Әрине, басқа елдерде де барлығы мега, супер боп кеткен шығар, бірақ біздердікі тіпті ерсіленіп барады.