Фотожурналистиканың атасы Қыркүйек 30, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: журналистика, сурет
trackback
Фотожурналистика басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделікті өмірде біз байқамайтын шынайылықты көрсетуге көбірек бағытталған. Дұрыс түсірілген сурет мәтіннен гөрі бәрін нақтылап айқындап береді. Себебі фотожурналистика – сөйлеп тұратын жанр.
Фотожурналистиканың атасы Анри Картье-Брессон фотография әлеміне өз жаңалығын әкеліп, негізгі заңдылықтарды да құрған еді. Танымал фотограф фотоға түсіріп алған адамдар үшін «көрінбейтін» болып қала білді. Оның суреттері түсіру кезінде үнемі аяқталған болатын: фотоларын өзгертпейтін, жасалған суретті кадрламайтын. Сонымен қатар, оның есімі кез келген сценаның эмоциялық шарықтау шегіне жеткен кезді, яғни «шешуші мезетті» түсіріп алатынымен танымал. Фотография әлемінде Картье-Брессон оқиғаға экспрессия беретін мезетті тауып ала білді.

Ол қарапайым адамдар мен танымал тұлғаларды түсіретін. Мысалы: Альбер Камю, Жан Ренуар, Мэрилин Монро, Коко Шанель, Жан-Поль Сартр, Луи Арагон және т.б. Картье-Брессон қиялдамайтын, жасанды шынайылықты жасамайтын, фотографияның тек деректі жанрына адал болды.
Фотографтың басқа жұмыстары

Қазақстанның танымал фотографтары туралы мәлімет аз ия осы? Тек ана “Время” газетіндегіні ғана білемін, и то ол да орыс.
қазақ тілді газеттерде жұмыс істеген фототілші Асылхан Әбдiрайымұлы бартын. Ал былай шынымен де ақпарат аз, бір жағынан фотожурналистикаға аз көңіл бөлінеді(
)
сосын мынадай қызықты материал бар http://prezidentjanehalyk.kz/?p=360 (президент туралы емес