jump to navigation

Орталық Азия BarСamp 2009. Бішкек. Қыркүйек 9, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
Tags: , , , , ,
trackback

Қыркүйектің 4-6 күндері аралығында Бішкек қаласында Орталық Азия BarСamp 2009 өтті. Алғаш рет Қырғызстан астанасында бұл шара 2008 жылдың тамыз айында ұйымдастырылған болатын. Биылғы Баркэмпке қазақстандықтар көптеп қатысты. Бұған сөзсіз әсер еткен Алматыдағы BarСamp CA 2009.

Сонымен, бірінші күн. Бұл әдеттегідей қатысушылардың тіркелу және Баркэмптің ресми ашылу күні.

открытие

Екінші күн – презентациялар күні. Олар сағат 11-ден кешкі 8-ге дейін өтті. Солардың ішінде:

youth.kg

prohost.kg

photoasia.ru

foto.kg

photo.kg

seo.kg

almamater.kg

mediaprorock.kz

vsetut.uz

spasibo.kg

kloop.kg

moblog.kz

francekoul.kg

mojazarplata.kz

freelancer.kz

xat.kz

gde.kg

Opera үшін виджеттерді қалай жасауға болады, жастарға арналған әлеуметтік роликтер, антисайттар туралы, Жаңа Евразия блогтары (New Eurasia citizen media), т.б.

расписание

Үшінші күн – Ideas Market. Қатысушылар өз жобаларын таныстырар алдында «Celebrities» секциясы өтті. The Center for Training and consulting-тің бөлімі Business Academy басшысы Эркин Джаманбаев Қырғызстандағы Интернеттің дамуы жайында презентация жасады. Дәл қазір Қырғызстанда интернетке мобильді түрде кіру – 50%, ПК арқылы – 20%. Джаманбаев мырза Мемлекет және Интернет – қақтығысу не бірлесу мәселелерін де қарастырды. Ал қазақстандық «Республика» газеті өзінің ақпараттық-сараптамалық порталымен таныстырды. Одан кейін Қырғыз Республикасының мемлекеттік патент қызметі төрағасының көмекшісі Нұрлан Баяман сөз сөйледі. Баяман мырза ұлттық домендік зона және Қырғызпатент пен «АзияИнфо» арасындағы қақтығыс мәселелеріне тоқталды.

DSCN3337

Ал Ideas Market-тегі жобалар жайында толығырақ мына жерде көруге болады.

Ideas market-ке қазақстандықтардан қатысқан talimger.kz жобасы жайында ерекше айтып өткім келеді. Егер де бұл жобаны әрі қарай дамытатын болса,  қажетті ресурсқа айналуы мүмкін.

talimger

P.S. Осы Баркемптің арқасында қазақ блогшыларымен де жолығуға мүмкіндік туды. Асхат аға, Салтанат, Зере, кездескеніме қуаныштымын.

Суреттер Barcamp.kg сайтынан, соңғысы Рауандікі.

Пікірлер»

1. akzere - Қыркүйек 10, 2009

Бірінші суреттегі жігіттің кофтасы күшті екен.. :)

2. huanysh - Қыркүйек 10, 2009

Өзің қандай презентация жасадың?

arsenal777 - Қыркүйек 10, 2009

осы жолы презентациясыз бардым)

Ansar - Қыркүйек 10, 2009

Қырғыздарға қонаққа бардыңыз ба? :)

Қалай күтіп алды? Шығындарды өз қалталарыңыздан өтедіңіздер ме?

3. arsenal777 - Қыркүйек 11, 2009

қырғыздар қазақтар сияқты қонақжай халық.