jump to navigation

«Хат келді» Тамыз 23, 2009

Posted by arsenal777 in статистика.
Tags:
trackback

gmailevolveGMail почта сервисі АҚШ веб-почта сервистерінің арасында танымалдылық жағынан 3-ші орында деп хабарлайды comScore.

Зерттеу компаниясының статистикасына жүгінсек, GMail сервисінің қолданушылар саны өткен айда 37 миллионға жетті. Ал AOL Email-дікі – 36,4 миллион. Осылайша, Google корпорациясы AOL компаниясын артта қалдырып, АҚШ қолданушылары арасында 3-ші орында.

Бірінші орында – Yahoo! Mail, 2009 жылдың шілде айында оның аудиториясы 106 миллиондай қолданушыдан тұрды. Екіншісі – Windows Live Hotmail, өткен айда оның аудиториясы 47 миллионға жетті.

Айта кететін бір жайт, GMail қолданушыларының өсу саны өте жоғары. 2009 жылдың басында сервисті пайдаланатындар саны 25% өсті, ал AOL аудиториясы 22% азайды. Windows Live Hotmail-да 8%, ал Yahoo! Mail — 16% өсті.

Ал Сіз қандай почталық сервисті қолданасыз және олар бірнешеу болса, негізгісі қайсы?

P.S. namba.kz қызметімен таныссыз ба?

Пікірлер»

1. Ansar - Тамыз 23, 2009

Қазіргі кезде Gmail Майл.ру-дан басымдау болып барады менде.

Rauan - Тамыз 23, 2009

Майл.ру-да ұстап тұрған “дүнияңыз” дейсіз? :) )

Ansar - Тамыз 23, 2009

:) )
Жоқ! Маған келетін маңызды деген хаттар сол жаққа барады. Көненің көзі :)

2. elvira - Тамыз 25, 2009

1- yahoo
2- gmail

gmaildi chati ushin gana koldanamin kobine + ulken (auir) filedardi jiberu kerek kezde gana.

3. urimtal - Тамыз 26, 2009

Gmail
қалған пошталарымды осыған переадресация жасап қойғанмын. Ансар, саған да солай істесең болады. “Дүнияң” жоқ болса ;)

4. Нұрғиса - Тамыз 31, 2009

Дүниясы несі? :)

Менде gmail бас пошта да, rambler’де қосалқысын нете салғанбыз… Тегін ғой…

arsenal777 - Тамыз 31, 2009

“Мой мир” дегендері ғой ;)

5. Нұрғиса - Тамыз 31, 2009

Еееййй, балалар-ей :) Осындай игірүшкілерің-ай осы :) ))

6. Konil Ashar - Қыркүйек 7, 2009

gmail no.1
odan kein yahoo mail de bar
biraq qaz kobine tek gmailgana

7. Бөкен - Қыркүйек 28, 2009

Gmail-ді блогыма келген хат хабар пікірлерді тексеру үшін керектенем. Көбінде Yahoo mailді керектенем. Жалпы Skype жақсы сияқтығой

arsenal777 - Қыркүйек 28, 2009

скайп ол хабарласу үшін әрине жақсы, бірақ почтаның аты почта :)