Kazakh Bloggers Тамыз 4, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: қазақ блогтары, қазақ блогшылар, қазақ блогосферасы
trackback
2007 жылы әлі блогшы аталмай жүріп, Асхат ағаның көмегімен «Қазақ блогшылары» атты Google group-қа кірдім. Осылайша біраз қазақ блогшылармен танысып-білістім. Қазақ тілді блогосфера жайында әлеуметтік сауалнама жүргізген кезде де «Қазақ блогшыларының» көмегі тиді. Бүгінде қазақ блогшылар қатарына жаңадан қосылғандар аз емес, сол себепті, егер де ішкі хат алмасу торабында әлі жоқ болсаңыз, жазылыңыз!
Адресі http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers
Электрондық почтаға жаңа хабарлар келіп түсу үшін мына бетті қараңыз http://groups.google.com/group/kazakh-bloggers/subscribe
Бір-бірімізбен танысып, жаңа хабарлармен бөлісейік!

Рахмет, Әлия! Бұл қызметіміздің де пайдалы, яки пайдасыз болуы бірінші кезекте тікелей өзімізге, яғни блогшыларға байланысты. Сондықтан жазба арнағаның жақсы болды. Жалпы осындай ішкі хат алмасу торабының қажеттілігі жайлы ойларын білу қызық болар еді.
жаңа блогшыларда сұрақтар, жалпы бәрімізде сұрақ/ұсыныстар болса, жақсы. хабарламалар жіберу үшін де қажет болар.