jump to navigation

Trip Тамыз 1, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: , ,
trackback

Мамыр мен маусым айларының аралығында Турцияның Сиде қаласына баруға мүмкіндігім туды. Бұл ескі қала ежелгі Рим мен ежелгі грек мәдениетінің мұрасы іспеттес. Себебі қала ішінде ежелгі өркениеттің іздері аз емес. Сиденің негізі б.з. бұрынғы VII  ғасырда грек теңіз саяхатшыларымен қаланған. Ежелгі анатолиялық тілінде «Сиде» баламасы – «анар» бұрында осы қаланың құнарлылық символы болып саналған. Порттық сауда қаласы ежелгі дәуірде құл сату орталығы мен қарақшылар базасымен ерекшеленетін.

S6302043

IMG_3348

әрі қарай  Yvision-дағы жазбамда

Пікірлер»

1. urimtal - Тамыз 1, 2009

Әдейі тарихи қалаларын таңдадың ба? Әдетте жұрт Анталияға барып демалатын :)

arsenal777 - Тамыз 1, 2009

әдейі таңдағаным жоқ :) Сиде туралы бұрын естіген де жоқпын, бірақ агентствода соны баға жағынан да, демалыс, сервис сапасы жағынан да мақтаған. Анталияға жақын.

urimtal - Тамыз 1, 2009

Түрік блогшылары қалай екен, ә? Не үйренеріміз бар? :)

2. arsenal777 - Тамыз 1, 2009

түрік блогышлармен танысқан жоқпын))) мен ол жаққа демалуға барғанмын негізі

3. urimtal - Тамыз 1, 2009

Ой! :)

4. huanysh - Тамыз 2, 2009

Өзіңе ұнаған, қызықты оқиғалар барма?

arsenal777 - Тамыз 2, 2009

қызықты оқиғалар болған жоқ, 10 күнім теңіз жағасы мен интернет арасында өтті, соның ішінде, интернетте басым секілді :)

Ansar - Тамыз 2, 2009

Иә, иә :)

Bakytnur - Тамыз 5, 2009

:)

5. akzere - Тамыз 3, 2009

Уау! Күшті!… Негізі тарихи орындар маған да ұнайды. Чем тупо күнге күйе бергенше :) )

arsenal777 - Тамыз 3, 2009

рахмет, иә, 10 күн бойы күйіп отыру деген масқара)))

6. Bayan - Тамыз 3, 2009

Ауа райы қалай болды сен барғанда?

arsenal777 - Тамыз 3, 2009

жылы болды, әсіресе маусым басталғанда ыстық, бірақ күннің екінші жартысында салқындау болған күндер де болды.