Жаңалық дегеніміз не? (2) July 25, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: BBC, журнализм, журналистика, контент
trackback
Жалғасы
Осылайша, журналистер айтулы емес оқиғалар жайында жазған кезде әдейі осы хабарды жаңалыққа ұқсататын сөздерді пайдаланып жазуды үйренеді. Біз, аз болса да, назар аудартатын нәрселерді тауып алуға тырысамыз. Бұл түнерген алхимия – қайдағы жоқ сілімтіктердің сотталуын немесе саяси қозғалыстарды жаңалыққа айналдыртып, аз уақытқа оқырманның не тыңдарманның көңілін аударту. Осындай алхимиялық әрекеттерді жасау үшін журналистер шынайы өмірге жаңа форма дарытып, ұсақ-түйектен арылтып, оқиғаны оңайлатып, ауыз-екі тілдің сапасын «жақсартып», кейде сюжетке шынайылықты қосу үшін цитаталарды ойдан шығарады. Бұл тек қана журналистердің жұмысы емес. Адамдардың көбісі санадан тыс тура солай жасайды. Біз өсектің үзіндісін естіп қаламыз да, оны қайта әңгімелеп береміз. Әңгімені қызықты қылдыру үшін өзімізге релевантты емес көрінген жерлерін жоқ қылып, ең қызықтысын алдыңғы орынға шығарамыз. Өзіміздің дос-туыстарымызбен шын мәнісінде болған оқиғаларды аяқталған эпизодтарға, қаһармандық немесе қайғылы жағдайларға айналдырамыз. Сонымен қатар, күнделікті өмірді «хикая» топтамасы етіп қылдырамыз. Ғалымдар мидың сипаттамасын жасаған кезде хикаяларды ойдан шығару мен әңгімелеудің жолдарын және облыстарын да тауып алады. Олар сөйлеу мен грамматикамен тығыз байланысты болады: адамға әңгімелеуге итермелейтін импульс өте маңызды. Ал журналистика – өсектің индустриялануы.
жалғасы бар

Шымкенттік газеттердің біразы өсек-аянға негізделген десем қателеспеспін. Сондай газеттердің қызметкерлеріне таңым бар.
Arsik, қазақстандық БАҚ-тың оперативті түрде жұмыс істей алмауының себебі неде екен?
бір жағынан тікелей ақпаратты алмауында, бір жағынан “асықпайтынында” да шығар
Жыламаған балаға емшек жоқ емес пе. Қимылдау керек болар
Бульварлы сары пресса десек те, Шымкенттегі жорналис көптің бәсекелес ортадағы жаңағыдайы жақсылы-жаманды журналистиканың дамуына бір сеп. Қалай тартсаң да.