jump to navigation

Жаңалық дегеніміз не? (1) Шілде 17, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
trackback

Жаңалық дегеніміз не және ол қандай болу керек сияқты сауалдар студент кезімізде де жиі қойылатын. Ұстазымыз Мартбек Тоқмырза «ең жақсы жаңалық – бұл жаман жаңалық» деп айтатын, цинизмге жақын анықтама, бірақ оны жоққа шығара алмаймыз. Әрине, жаңалықтың жаманы не жақсысы болмайды; жаңалық өз алдына жаңалық бола тұра, шынымен де ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама болуы қажет.

Журналист Марк Григорян блогында әріптесі Эндрю Маррдың «Менің кәсібім» (Andrew Marr. My Trade) атты кітаптан үзіндіні орысшаға аударып жариялаған еді. Марр (суретте) Би-би-сидің саяси редакторы, The Independent газетін басқарып, The Economist журналында, The Scotsman газетінде қызмет атқарды, қазір өз шоуының жүргізушісі. Британияның беделді журналисі болып саналады, әрі өзінің “Andrew Marr’s History of Modern Britain” кітабымен танымал. Сонымен, Жаңалық дегеніміз не сұрағына Марк Григорянның аудармасы бойынша 4 бөлімге бөліп тастаған жазбаларымнан түсінуге тырысайық.

marr

Бұл сұрақ көп журналистерге дамыл бермейді. Әрине, кейбір оқиғалар барлығымызды дерлік қызықтырады. Шектен шығу жағдайлары арамызда шиеленіс туғызады, жан түршігетін немесе ерекшеленіп тұратын. Бірақ осындай оқиғалардың сенімді жеткізушісі жоқ. Жаңалықтық индустрияға шикі материал қажет, үлкен форматты 20 шақты бетті күнде толтыру үшін, сағат сайынғы эфирге жаңалықтық бюллетеньді жариялау үшін «отын» қажет.  Содан журналистер өз уақытын тек қана төтенше оқиғаларға бөле алмайды, себебі жаңалықтар жаңа, жүйелі түрде, сағат сайын, күн сайын шығып тұру керек. Бірақ кей-кезде бір күннің ішінде көптеген оқиғалар болып та қалады.

Жалғасы бар.

Пікірлер»

1. Ansar - Шілде 26, 2009

//«ең жақсы жаңалық – бұл жаман жаңалық»// Келісемін! Себебі, адамдарға басқаша әсер етеді.

Жаңалықтарды жақсы жазатын, елеулі жәйтті жіберіп алмайтын БАҚ-тың қызметі керемет жұмыс жасайтын механикалық құрылғыны елестетеді.