jump to navigation

Сұхбат алуға байланысты кеңестер Шілде 14, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
Tags: ,
trackback

491619301_071f569577

Блогшы, журналист сияқты, кез келген адамнан сұхбат алып, блогына жариялауы мүмкін. Интернеттегі біраз ақпаратты ақтара отырып, Сіздер үшін мынадай кеңестер ұсынып отырмын:

  • Сұхбат алудың алдында әдептілік жайында ұмытпау қажет, яғни жеке басқа қатысты сұрақтар қою, жеке өміріне байланысты мәселелерді әңгіме қылу. Әрине, бұның бәрі сұхбат берушінің өзіне де байланысты. Алайда, осындай сұрақтар сұхбатқа қатысып отырған адамға қаншалықты әсер ететінін алдын-ала біліп алған дұрыс.
  • Сұхбат беруші адаммен мейірімді болыңыз.
  • Өте маңызды – өзіңіз шындықты айтып, ар-ұятты бірінші орынға қоятын болсаңыз, сізді тура осындай адамдар диалогқа шақырады
  • Сұхбат  алдында жоспар құрып, оған сұхбаттың мақсатын, қорытынды жасау үшін қандай ақпарат алу қажет екендігін анықтап алған жөн.
  • Айтпасақ та түсінікті шығар, сұхбат алдында қызықты, әрі көкейкесті жауап бере алатын сұрақтар тізімін дайындау керек.
  • Сұхбат берушіні тығырыққа тірейтін тым қиын немесе арандатуды туғызатын сұрақтардан аулақ болыңыз.

Ал Сіз осы мәселеге байланысты қандай кеңес бере аласыз?

Пікірлер»

1. ansarphotos - Шілде 14, 2009

Журналист маман ретінде болмасам да, оқырман ретінде айтарым:
1) Өсек екенін біліп тұрып, ол сұрақты қоймау. Әсіресе, өнер адамдарынан сұқбат алар алдын осыны ескерген жөн.
2) Тақырыптан ауытқымау.
3) Жауап беретін адамды оған еш қатысы жоқ сұрақтар қою арқылы қинамау.

Кеңестеріңізге көп-көп рахмет.

arsenal777 - Шілде 14, 2009

сізге де көп рахмет.
сосын барлығы онсыз да білетін нәрсені сұрамау және өзектілігі, маңызы жоқ, ескіріп қалған сұрақтарды қоймау да осы тізімге қосып қояйық)))

2. ansarphotos - Шілде 14, 2009

Қайбір жылы ”Жас журналистердің ке бірі атағы үлкен, танымал адамдардан сұқбаттасуға көбіне дайындықсыз барады” деп. Шындығындасолай ма деген ойға қаламын кейбір сұқбаттарды оқығанда.

Және бір маселе, сұқбат алушы адамның сұқбат тақырыбына қаншалықты жақын екендігіне, ол саланың майталманы ма екен соған да көңіл бөоген жөн. Мұндайлар cаулнама-сұқбаттарда жиі кездесіп жатады.

arsenal777 - Шілде 14, 2009

дайындықсыз келеді дегенде бірден Титов есіме түсіп кетті :(
неге тек қана жас журналистер?

ansarphotos - Шілде 14, 2009

Täjiribe …

3. arsenal777 - Шілде 15, 2009

ansar, бұл тәжірибеге байланысты деп ойламаймын, көп ретте білімге

Ansar - Шілде 15, 2009

Ол да мүмкін. Бірақ бар білімді де дұрыс пайдалана білу керек.

4. Нұрғиса - Шілде 17, 2009

Өз басым блогыма сұхбат берушілермен көп ретте тақырыптық, арнаулы сұхбат жүргізеді екенмін. Сұрақтар да негізінен сол тақырып ауқымдағы жағдайларға қатысты болады. Әдептен аспай, тура сол адам білуі мүмкін жағдайларды сұрауға тырысады екенмін. Сұхбаттасу барысында туа береді ғой ары қарайғы өрбіту сценарийлері…

5. Gastarbaiter - Шілде 17, 2009

Кішкене тақырыптан тыс болса да айтайын, жұмысқа адам алатын кездегі интервью де бір қызық…

6. Gastarbaiter - Шілде 17, 2009

Резюмелерді оқысаң жатасың күлкіден. Адамдар әдемі мақтана білсе күшті болар еді ия?!

arsenal777 - Шілде 17, 2009

иә, әсіресе сол собеседованияда қыздарға аяғын ауыр емес па деген сұрағы…!
мынандай резюме көргендеріңіз бар ма?
http://yvision.kz/community/%D0%9E%D0%B1%20%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%BD%D0%BE%D0%BC/5562.html

7. Гаста - Шілде 18, 2009

Керемет, ана резюменин иесіне бір жагынан жаным ашып кетти, бир жагынан уважуха…

8. Нұрғиса - Шілде 19, 2009

Болатын бала екен…

9. не важно - Шілде 21, 2009

е мое бирде анау апай бар го. естеринизде ме. сонын сухбатын окып отр бизде шынмен демократия ма дедим. ағылда тегіл, көзден кетіп, нәскиге жеттім. Анау қазиттің журналисі қырқып кетіпті :) негізі этика болу керек дейд. а маған ол “поқ” сияқт біздің көкейдегі сұрақты журналист жеткізе білсе бір рахаттанам.

10. arsenal777 - Шілде 21, 2009

оО апай, қандай именно апай?

11. не важно - Шілде 21, 2009

айтамайм анай апай го. шашы айбатЧ :)

12. arsenal777 - Шілде 21, 2009

млииин, мен өзімді сондай топас сезініп отрмын даче. шашы айбатч апайды білмей отырмын(((

Bayan - Шілде 21, 2009

ООпозициялық газеттің журналисті болар, менің топшылауымша…

aneshnik - Шілде 22, 2009

қап жанымдағы ағам отпуска кетіп қалағыны*ай. со кісі со журналистің шыққан мақаласын инеттен дауыстап оқып беріп ед :)

aneshnik - Шілде 22, 2009

өзіңізді ондай сенізбеңіз ұят бов қалар :)