jump to navigation

Огилвидің байқағандары/кеңестері бізге пайдалы ма? Шілде 3, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг.
Tags: ,
trackback

3580509039_706d0ec8f7Блог жазбаға ат қою, яғни тақырып жазу Сіз үшін оңай шаруа ма? Өзім оларды қиналмай жазатын секілдімін, бірақ кейде салмақты материал жазған кезде (оО ондайда да бар ма еді?), бірнешеуін таңдап, өшіріп, қайта жазып, ойланып-толғанып отыратын жағдайлар да болады. Бірақ, шынымды айтсам, оған қатты басымды қатырмаймын. Бүгін Дэвид Огилвидің тақырып жазудағы кейбір кеңестерін жариялаймын.

1.    Тақырыптар мәтінге қарағанда 5 рет көп оқылады, яғни ақпаратты «сатып тұрған» – тақырып.
2.    Егер де тақырып материалдың пайдалы кеңестер жайында болатындығын көрсетіп тұрса, ол тез таралып кетеді.
3.    Егер де тақырыптың ішіне қызықты жаңалық кіргізетін болсаңыз, жаңалығы жоқ тақырыпқа қарағанда, осындай материалдың оқырман саны 27% өседі.
4.    Оқырман үшін пайдалы ақпараты бар тақырыптар үлкен аудиторияны жинап алады.
5.    Тақырыпқа “бренд-нейм” қосуға болады – дәл тақырыптарға назар аударатын оқырманның 90 пайызы Сіздің не жарнамалап тұрғаныңызды бірден түсінеді.
6.    Егер де Сіз тұтынушылары аса көп емес ерекше бір тауарға жарнама жасайтын болсаңыз, тақырыпта дәл сол адамдардың көңілін аудартатын ақпаратты қолданыңыз.

7.    Зерттеулердің нәтижесінде көлемді тақырыптары (10 сөзден де көп) бар материалдар көбірек сатылуы мүмкін.

8.    Оқырманды сендіру үшін тақырыпқа факт қажет, бұл – сандар, нәтижелер, аудиторияға қажетті нақты мәліметтер.

9.    Егер тақырып 28% көбірек есте сақталатындай болсын десеңіз, оны тырнақшаға алыңыз.

10.     Егер де жергілікті газетке хабарландыруды жариялайтын болсаңыз, тақырыбына қаланың атын жазып қойыңыз. Оқырман көбінде жергілікті хабарларға назар аударады.

Пікірлер»

1. Rauan - Шілде 3, 2009

Өзім ешқашан қиналмайтынмын тақырып таңдауға, ойыма бірінші келетін нәрсені қоя қоямын… оқырман жинауға көп асықпайтын сияқтымын. :) )
Байқағаным, Қазақстандық онлайн-СМИлер мүлдем таңдау білмейді, яғни сапсары қылып тастайды. Орыстарда да сол. Тіпті, шетелдің Guardian’дары кейде жазбаға мүлдем қатысы жоқ тақырыптар таңдайды, бірақ мұнда тіл деңгейі шығар.

Ал мысалы, шетелдің блогшыларының көбі нағыз тақырып қоюдың шеберлері деп ойлаймын. Әрі анық, әрі тақырыптың дәл түбін айтып тұратындай…

arsenal777 - Шілде 3, 2009

“сапсары қылып тастайд” – Обаманың шыбын өлтіргені қолма қол есіме түсті :) )) негізі, ақпарат нарығында тақырып қою да өнер :)

Rauan - Шілде 3, 2009

Соны дұрыстап жазса ғой, сразу түсінер едім, қасқа шыбынның кеткенін. :) А то езгілеп, фантастика қылды ғой.

Әрине, өнер… егер журналистикамен айналыссаң… ой))
Айтайын дегенім, егер соны кәсіп етсең. Так что үйрен давай)

2. urimtal - Шілде 4, 2009

Жұрт ең бірінші жазбаны емес, тақырыпты оқитындықтан тақырыпқа көп мән беремін. Кейде ойлануға бес минуттай уақыт жұмсайтын кездерім бар. Кейде өз-өзінен келеді. Жаңамедиядағы жазбаға тақырып қоюдың бір қиыны технологиялық аспектісін де қатар ойлау керек. Іздеу жүйесіне түсуі, сілтемелерден әдемі көрінуі, сөздердегі дыбыстардың үйлесімі (логикасын айтпағанның өзінде) т.с.с Огилвийдің кеңестері де жақсы екен. Бірақ толық емес тәрізді.

arsenal777 - Шілде 4, 2009

толық емес, себебі оның кеңестері материалды сату жайында немесе жарнамалық мәтін жазуға көбірек арналған

3. Ansar - Шілде 5, 2009

//6. Егер де Сіз тұтынушылары аса көп емес ерекше бір тауарға жарнама жасайтын болсаңыз, тақырыпта дәл сол адамдардың көңілін аудартатын ақпаратты қолданыңыз.//
Қалай біледі адамдардың ойындағысын?

Маркетингке қатысты кеңессымақтар екен.

arsenal777 - Шілде 5, 2009

маркетингтік талдау жасамай ма, тауардың негізгі тұтынушысы кім екенін анықтап, деген сияқты. маркетинг журналистикаға өте қажет. журфакта ондай сабақ та бар. сіз журналист бола тұра, бүгінгі оқырман қандай ақпаратқа зәру? ақпарат нарығында қандай мәселелер жақсы сатылады? т.с.с. білуіңіз қажет(мысалы)

Bayan - Шілде 7, 2009

Ия, такырып — мақаланың “беті” (лицо) деп айтатын бізге.
Кейде ойыңа түк келмей қиналасың, кейде дереу ойға орала кететіндері болады…
Мына кеңестер де жақсы екен.
Бұрын бір жеңіл материал жазу керек болды…материал дайын, түк тақырып ойға келмеді. Содан материалды сол күйі апарып бердім :) “Қалыңдық қанша тұрады” деп тақырып қойып жіберіпті :)

4. Kubeyev Dauren - Шілде 7, 2009

Тақырыптың іздеу жүйелерінде іздеу кілт сөздері ретінде пайдаланатынын да ұмытпаған жөн. Егер сізді танымал кілтсөздер арқылы табатынын қаласаңыз, онда тақырыпты іздеушінің іздеу ретіне байланысты таңдай білу қажет.

kudaibergen - Шілде 7, 2009

Бұл сұрақты All One Seo Pack шешеді

Rauan - Шілде 7, 2009

Аздап басқа жаққа кетіп қалдыңдар ғой. Мында әңгіме поисковиктер жайында емес, адамды қалай тақырыпты оқи салған кезде жазбаңызды аштыру туралы. :)

All in One SEO Pack – тақырыбын өзгертпейді негізі, тек title-ға (html) қоса қояды кілтсөздерді.

5. kudaibergen - Шілде 7, 2009

Маған соңғы кеңестері ұнады, әуелім, брі-екі тақырыпты өзгертсембекен деп те ойладым))

6. Нұрғиса - Шілде 10, 2009

Мен де кейде тақырып қоюға келгенде абдырап қалатыным бар… Мына кеңестердің ішінде тақырыптың мәтініңді “сататын” екенімен қосыламын. Егерәки жазбагерлігіңді коммерциялық олжа табу үшін жүргізсең, әлбетте, бұл қарымды шығдай түсу де керек болар. Бірақ, олай болмаған күннің өзінде ұтымдысын қою өзекті шығар. Кейде кейбір ақпараттық ресурстардағы жалған аңдатпаларды ұнатпаймын. Алдайтын. Атын “Пәленше екі жүз жыл жасапты” дейді де, сөйтіп барып оқысаң негізі жасы жиырмада, паспыртный столда бір нөлді артық жазып жіберген боп тұрады… Ұялмай-қызармай оқырманды алдау ол…