jump to navigation

Блогосфера тынысы Маусым 17, 2009

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.
Tags: , , , , , , , ,
trackback

blogs-about-blogging

Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық:

1.      Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес.

2.       Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын.

3.      Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б.

4.      Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ.  Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де)  басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.

Пікірлер»

1. Бауржан - Маусым 19, 2009

Линукс туралы блогтың авторы менмін. Сұрақтарыңыз не қызық тақырыптар бар болса, хабарласыңыз!

akzere - Маусым 22, 2009

Бауыржан қазақ интернетіне көктен түскен періште сияқты. :-)
Блогымды жаңартуға, опциялар қосуға үлкен көмегін тигізді. Жарайсың!!!

Бауржан - Маусым 25, 2009

Мені басқа біреумен шатастырып отырған шығарсыз…. Сізді танымаймын ғой ;)

2. urimtal - Маусым 21, 2009

Жақсы жаңалықтар екен :)

Бауржан - Маусым 25, 2009

Әрине! Міне, Файрфокс те шықты қазақша

3. akzere - Маусым 25, 2009

Ойбу, ана солай.де сайтында Баур деп жүретін сен емессің бе? ((

Бауржан - Маусым 25, 2009

Жоқ, мен емес))