BBC ізімен (10) Маусым 15, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: BBC, жаңа медиа, журналистика
trackback

Экранға үңіле бермеңіз!
Сіз Интернет туралы жазсаңыз да, бұл ақпаратты ылғи әлемтордан алу қажет деген сөз емес. Сөз жоқ, Интернет – ақпараттың қайнар көзі. Әсіресе, аты-жөні, даталар, заңнама және т.б. тексеру үшін пайдалы. Бірақ Сізге қажет нәрсенің бәрі осында деп ойламаңыз. Жақсы материал адамдармен сұхбат жүргізусіз мүмкін емес. Сіздің сұрақтарыңызға басқа біреудің жауабы арқылы өзге авторларда болмайтын ерекше атмосфера туады.
Егер де Сіз Google арқылы бір ақпарат тауып алсаңыз, ол басқалар үшін де қол жетерлік болар деген сөз. Сонымен қатар, интернеттегі ақпаратқа сақтықпен қарап, тексеру керек. Ірі ұйымдардың ресми вебсайттарында да қателер болуы мүмкін.
Әр кез материалға бірдеңе қосқан дұрыс. Сайтыңыздың басты ерекшелігі – Сіздің әр уақытта күрделі нәрселерді дұрыстап түсіндіруі болады.
ВВСдің “Интернет үшін қалай жазу керек” модулі осымен тәмам.

Әр материалдың тұшымды болуы — бірінші кезекте автордың өзіндік ойы болуы екені рас.
Жақсы ақпарат екен… )
Қош бол, BBC ізімен (1-10)
неге қош бол? жақында ВВСтің жаңа сабақтарын бастаймыз