Жай емес деген үмітте Маусым 7, 2009
Posted by arsenal777 in блогинг, әлеумет.Tags: блогинг, twitter
trackback

Бір жыл бұрын микроблогинг деген сөзді қолданбайтынмын, тек Твиттерге тіркелгесін, блогымда осы сервис жайында бірнеше рет жазған едім. Уақыт өте келе, “микроблогинг” лексиконымда үйреншікті сөзге айналды, микроблог жүргізуге арналған сервистер көбейді және олардың танымалдылығы да арта түсті.
Бүгін Обамадан бастап Опра Уинфридің бағдарламасын көретін үй шаруасындағы әйелге дейін сол “Не істеп жатырсыз?” деген сұраққа жауап беруге асығатындар көп. Қазір Твиттер, Плюрк сияқтылар өздері әлеуметтік желі бола тұра, Фейсбук, Мой мир деген сияқты ірі әлеуметтік желілерге өз әмірін жүргізгендей болды, тура өздері болмаса да; дәлірек айтсақ, микроблогинг элементтерін кең таратты.
Дара Торрес пен Шакил О’Нилдардың Твиттерде пайда болуы да жай емес, ал твиттерфон бұл бөлек әңгіме… Бір сөзбен айтқанда, микроблогингке назар аудару енді “болады” емес, “қажет”. Қазақ тілінде микроблогингтің қызықты жаңалықтарымен енді мына жерден танысуға болады. Иә, бұл жарнама.
Назар аударғандарыңызға көп рахмет.

Соған үйрене алмай жүрмін. Өз түсінгенім, бірнеше қоғамдық желілерде жүре алмайды екенмін, меня не хватает на всех
Сен соған тіркел сначала, сосын қалғандарын екінші планға тастайтыныңа еш күмәнім жоқ)
Микроблоггтар ақпарат тез әрі қажет кезде күшті көмектеседі
Егер блог бізді мониторға байлап тастайтын болса, микроблог тіпті матап тастайды десе болады
соны айтам да, тайм менеджмент емес, тайм киллер
бірақ өте қызықты, әрі пайдалы киллер
таныстарымды осы твиттерге киргизалмайаккойдм. контаклисттеги таныстарымнын барин шакырдым почти, биреуи косылган жок ) олардын коби инетте отыру деп моймирге кирип агентти ашып кою деп ойлайд. агентте коринбесем, и сен неге инетке кирмижурсн дид )
түсінікті
сіз твиттерімде барсыз ба? жоқ болсаңыз, мені қосыңыз arsik777
Жарнама деген жаксы гой =) авардтын бетине де костырсам дап журмин, Дядя Шалга айтсам жасайтын шыгар =)
Award? хм, білмеймін, көз тиіп қалмасын
))