jump to navigation

ВВС ізімен(9) Мамыр 30, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , ,
trackback

Редактордың қажеттілігі жайында
редактор
Материалды жариялау алдында, оны біреу тексерген жақсы. Бұл функцияны веб-сайттың редакторы, немесе редакциядағы журналистер кезектесіп атқарауы мүмкін. Бірақ редакцияланбаған материалды жариялауға болмайды. Себебі ең керемет журналист немесе жазушының өзі қатесін байқамауы, не бір сөзді/мәтінді қайталап жазуы мүмкін. Редактор мәтінді өзгертсе, одан қорықпау керек. Бұл оның жұмысы. Редактор мәтінді көркемдеп, өңдейді, бұл сіздің қолыңыздан да келуі мүмкін, бірақ кейде автор өз материалына қайта-қайта қарап, көп уақытын бөлгендіктен, керісінше біраз қателіктерді(тек қана орфографиялық немесе пунктуациялық емес, стилистикалық қателер де) байқамауы мүмкін.

Редактор мәтінді толық түсіне алмайтын жағдайда, оны редакторға түсіндіріп, оқырманға түсінетіндей қылып, қайта жазу қажет.

Жақсы редактор мақаланың заңнамалық жағын да қарастыру қажет, осылайша веб-сайт  дау-дамайдан/арыздардан аулақ болады.

P.S. немесе Ал мен болсам,…

Өз басым блогта көп қате жіберемін, кейде асығып, кейде байқамай, кейде білместіктен. Бақытыма орай, менің оқырмандарым қателерімді көрсе, айтуды ұмытпайды, осындай қате кетті деп хат(пікір емес) жазады. Сіздердің барлықтарыңызға көп рахмет.

Редакциялар жайында айтатын болсам, шынымен де редакторлық және корректорлық жұмыс өте маңызды, әрі міндетті түрде болады. Газет, не ТВ болсын, апта сайын журналистер және осы БАҚ қызметкерлері жиналып, өткен аптаның материалдарына шолу жасайды, қателіктерін көрсетеді, проблемаларды талқылайды.

Интернеттегі веб-сайттар жайында айтатын болсам, өзім  «Интерньюс Казахстан» сайтына материал жіберген кезде, оны еш өзгертпестен жариялапты. Қызық, негізі, ішінде қателер бар еді.

Пікірлер»

1. Вауаn - Мамыр 30, 2009

Газет тілшілері арасында “Қате —ұры” деген сөз бар. Шынымен, өз жазғаныңды қанша тексерсең де, көзге көрінбес қателер кетіп жатады. Сондықтан, мақала не заметка — газетке, репортаж — эфирге өтпес бұрын редакторлардың редакциялауынан өтеді.
Дегенмен, редактор тексерер деген “теріс” әдет қалыптаспас бұрын өзіміз де дағдыланғанымыз дұрыс.

“Интерньюстікі” қызық болған екен, Арсик :) Қай тілде еді ақпаратың жолдаған?

2. arsenal777 - Мамыр 30, 2009

рахмет, Баян. орыс тілінде қазақ блогосферасының тарихы мен дамуы жайында.

3. Ауылдың баласы - Мамыр 30, 2009

Нартайлақ аман болсын :) Менің редакторым ғой.
Сол болмаса қате жіберген жерлерімді білмейді де екенмін.

Осы газеттерде Бас редактор деп жатады. Ол бастық емес пе? Барлығын өзі қарап отыра ма?

Менде де Баянның айтқанындай болады. Бір қарап шығамын, бәрі дұрыс секілді. Бірақ қате болады екен. Тіпті, кей кездері тексермеймін де. Нартайлаққа сенемін.

Вауаn - Мамыр 30, 2009

Газетте мақала бірнеше қолдан өтеді. Бөлім бастығы, бас редактордың орынбасары, бас редактор қарап шығады. Сосын, корректор бар.
Бәрімізге де бір Нартайлақ керек екен :)

4. arsenal777 - Мамыр 30, 2009

хаха, шынымен де Нартайлағыңыз аман болсын, бас редактор жалпы жұмысты, эфирді бақылайтын адам, жарияланымға кететін ақпаратқа жауап береді.

5. urimtal - Мамыр 31, 2009

ABBY-дің қазақшасын күтіп жүрмін. Ол да емле қателерін түзетіп отырса, соның өзі бізге үлкен көмек болар еді. Әйтпесе, қате деген шпион ғой. :)

6. Айко - Маусым 2, 2009

менің сезгенім қазір корректорлық жұмстар қысқарып кеткен көп жерде, редакторға барлық қиындық туады. яғни майда/шүйде қате кететіні содан.
“корректорлық жұмс” штаттың қысқартуынан пайда көремін дейтіндер көп, жұмс сапасын түсред :( егер. редактордың жанында кем дегенде бір корректор болса жұмс жанданатын шығар. :)
қате әр кездеде кетеді ғо. қазір веб андай/мұндайлар көбейді. қате кетсе простительный сияқт :( ал дәл осыдан 5 жыл бұрын газеттің хал/ахуалы қалай еді? кеткен бір қате үшін 10 пайыз жалақыдан қағлу әрине, адамды сауаттылыққа жетелейді. :) ))

Қырқып қой: дәл осы коментте қате көп өріп жүр. проста қысқартып жазамын деп, тіпті етім үйреніп кетіпті сондай :) қазір өз қатемді байқаудан қалдым :(

arsenal777 - Маусым 2, 2009

рахмет, Айко))))))) интернетте не көп, қате көп.

7. 12aikon1986 - Маусым 3, 2009

Ой, менде қатені көп жіберем қанша тырыссамда кейде кетіп қалады.
Менің жынымды келтіретін нәрсе жарнамалардағы, көше аттарындағы, афишалардағы қателер. Аудармалары да төбеден түскендей боп тұрад. Сонан соң астына жазып қоятындарына жыным келеді: “жарнаманың мазмұнына жарнама беруші жауапты” неге түзеуге тырыспайды екен деп ойлайм

arsenal777 - Маусым 3, 2009

иә, жарнама мен аударма біздің дертіміз

Ауылдың баласы - Маусым 4, 2009

Егер соны мәселе қылып көтерсең, халық жауы есептейді.

Ауылдың баласы - Маусым 4, 2009

немесе, ”Жұмысың болмасын” деп, тәкәппарланады.

8. arsenal777 - Маусым 4, 2009

@Ауылдың баласы
қатты скептик болып кетпеңізші, барлығы емес деген үміттемін

9. Ауылдың баласы - Маусым 4, 2009

Бір адамнан тікелей есіттім. Есіткенімді жаздым.

arsenal777 - Маусым 4, 2009

бір адам деген көп емес және ондайды айтқан адамның сандырақ пікіріне неге мән бересіз? әркім өзінің санасына сай өмір сүреді емес пе… әрине, өкінішті, тілге деген құрметі, отаншылдық қасиеті жоқ деген сөз. бірақ адамдардың барлығы бірдей емес.

10. Ақбөкен - Маусым 7, 2009

Өз басым блогта көп қате жіберемін мен үшін өте қажет екен мұқият оқып шықтым рахмет:-)

arsenal777 - Маусым 7, 2009

оқасы жоқ, қате жіберетін мен ғана емес екенмін, сөйтсем ;)