jump to navigation

Оқ тескен газеттер Мамыр 8, 2009

Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.
Tags:
trackback

Майдандық газеттер 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы әскери құрамаларда қызмет еткен қазақ жауынгерлеріне арналып шығып тұрған баспасөз органдары. Оларды Қазақстан партия ұйымдарының жәрдемдесіп, көмектесуімен Қызыл Армияның саяси бас басқармасы, майдандардың, армиялар мен дивизиялық саяси органдары құрды. Бұл газеттер қазақ жауынгерлерін кеңес патриотизм мен пролетариат интернационализм рухында тәрбиелеуде, оларға кеңес халқы жүргізіп жатқан соғыстық азаттық мақсатын көздейтінін түсіндіруде, жауды жеңіп шығатынымызға олардың сенімін күшейтуде зор роль атқарды.

Бұл газеттер: “Отан үшін”(Солт.-Батыс майданының Қызыл әскер газеті), “Қызыл әскер ақиқаты”(бастапқыда Батыс майданда, кейін Беларус майданында шығып тұрған газет), “Жауды жоюға”(Брянск майданының қызыл әскер газеті), “Суворовшы”(Прибалтика майданы), “Майдан правдасы”, “Отанды қорғауда”, “Совет жауынгері”(Оңтүстік-Батыс майданының  газеті), “Отан намысы үшін”(1944 жылы майдандағы қазақ жауынгерінің қазақ халқына жазған хатын жариялады), “Жауға қарсы аттан”, “Қызыл армия”(қазақ тілінде тұңғыш нөмірі 1944 жылы 4 қарашада шықты), “Майдан ақиқаты” (Беларус майданының газеті, қазақ тілінде 1944 жылдың көктемінде шықты).

5_b

Ал қазақ тілінде шыққан газеттер: “Дабыл”, “Қызыл әскер ақиқаты”, “Отан үшін алға”, “Майдан ақиқаты”, “Отан намысы үшін”, “Қызыл армия”, “Отан күзетінде”, “Жауға қарсы аттан”, “Отан үшін ұрысқа”, “Фрунзеші”.

Пікірлер»

1. dnatic - Мамыр 10, 2009

Жеңіс Күнімен!!!

УРА! УРА! УРА! :)