jump to navigation

Сіз үнхабар(подкаст) тыңдайсыз ба? Мамыр 7, 2009

Posted by arsenal777 in медиа, статистика, әлеумет.
Tags: , , , ,
trackback

nodcastМүмкін біреулеріңіз қазақша үнхабар жоқ дейсіздер, мүмкін қызықпайсыз, бірақ дәл қазіргі уақытта олар Қазнетте дамып жатыр, өзіміздің подкаст терминалымыз да бар. Бүгінгі үнхабарлар тақырыбы – көбінесе ИТ саласында. Мысалы, алғашқылардың бірі, бұрын блогымда айтып өткен AWARD.kz 2008 жүлдесінің жеңімпазы — «PodKAZt» Қазақстандағы Интернет жайындағы үнхабар. Сонымен қатар, seo, мәдениет, ИТ, кино тақырыптары мен биыл пайда болған қазақ тіліндегі  студенттік тақырыпты қамтитын үнхабар — «Самғар ұсыныс». Осы үнхабарлардың бәрін ПодКАЗт терминалында тыңдай аласыздар.

Yvysion.kz – та «танымалдылығы жоқ емес» бір қолданушы өзінің «Алғашкаст» па, әлде «Молдакастын» шығарып, өз-өзін Әлемнің алғаш қазақ тілінде подкаст шығарушы деп жария еткен. Негізінде, бірінші қазақ тілді үнхабардың авторлары Асхат аға, ал кейін Қуаныш екенін бұл мырза білмеген/естімеген, ал хабардар болған соң, бұл «жаңалыққа» мән бермеген. Бірақ әңгіме бұл жайында емес.

eMarketer зерттеу компаниясы американдық үнхабарлар нарығын қарастырып, айына бір рет болса да үнхабарларды жүктеп алатындар 2008 ж. – 2013 жылға дейін екі есе ұлғаятынын айтқан. Ал Pew Internet & American Life Project ұйымының зерттеуі бойынша, 2008 жылдың шілде айында американдық интернет-қолданушылардың 18% үнхабарларды жүктеп алды.

podcastОңтүстік Колифорния Университетіндегі USC Annenberg Strategic Public Relations Center ірі зерттеу орталығы барлық медианың ішінен(тек қана интернет-БАҚ емес) подкастинг соңғылардың алдында тұрғанын мәлімдеді. Интернет-қолданушылардың арасынан 7% адамда сұранысқа ие. 6% — мобильді медиада. Pew Internet зерттеуі боынша, 2006 жылы ай сайын 7% интернет-қолданушы үнхабарды жүктесе, 2008 жылы — 19% болып өсті.

Arbitron and Edison Media Research зерттеуі бойынша, 2008 жылдың қаңтарында 12 жастағы американдықтардың 37% подкастинг жайында естіген, 18% бір рет болса да тыңдады және 9% кемінде айына 1 рет оларды тыңдайды.

Universal McCann компанияның глобальді зерттеулері әлемнің үнхабар тыңдаушыларын санап, Қытай— үнхабар тыңдармандар саны ең көп мемлекет екенін анықтады. Былтыр Қытайда үнхабарларды 74% респондент тыңдаған екен. Екінші орында Филиппины — 61%, содан кейін Ресей (58%), Испания, Оңт. Корея т.б. АҚШ бұл тізімде(әрине, тізімге барлық мемлекеттер алынбаған) соңғы орында.

Үнхабаршылардың белсенділері — 18—29  жаста. Статистика мына жерден алыған.

Пікірлер»

1. Ansar - Мамыр 7, 2009

Ärbir blogshynyn kolynan kele bermese kere ia? Sebebi,jazu men soileudin auyla eki bolek sekildi.

2. arsenal777 - Мамыр 7, 2009

Әрине, бұл журналистикадағы газет, тв және радио жур-сы секілді ғой. Біреуі жазу арқылы өз ойын білдіре алса, екіншісі микрофон арқылы.
Негізі, әркім өзіңе ыңғайлысын табады д.о.

3. balgyrgan - Мамыр 8, 2009

білмейм… жаздың ба соны микрофон алдында дауыстап оқы… алдында, Богус пен Асет айтқандай, подказтта өз дауысыңды “өңдеуге” (құлақтың “барабанын” тесіп кетпейтіндей етіп) болады… сондықтан, Аңсар, сотканың диктафонына жазып блогқа жарияласаң тамаша болар еді :) Дауысыңды естіп қалатын :)

Өзім жаңарған подказтты тосып жүрмін :) Богустың айтуы бойынша, шілде айында подказттың өзінде мақала “айтуға” мүмкіндік туады :)

arsenal777 - Мамыр 8, 2009

үнхабар жазғанда тақырыпты таңдап, шоуноталарды жазады, яғни негізгі тақырыпты тақырыпшаларға бөліп, дайындық жасайды. Ал негізі, қағаздан бүкіл үнхабарды оқымайды. Әйтпесе ол тыңдарманға сезіледі де, жалықтырып жіберуі мүмкін.
Салтанат, сен аудиопікірлерді айтқан шығарсын. Иә, өңдеуге де болады, өзің подкаст жазуға қалайсын? :)

balgyrgan - Мамыр 12, 2009

мүмкін, аудиопікір деген не?
подкаст жазуға болатын сияқты :) ) көрерміз :) батылдығым жетіп жатса, жазармын…

4. urimtal - Мамыр 8, 2009

Көбіне ағылшынтілді үнхабарларды жүктеп алып тыңдап отырамын. Қазақтілінде Нұрғисаның үнхабарларына жоғары баға берер едім :)

5. Bayan - Мамыр 8, 2009

Мен де әзірге тыңдаушы ғанамын. Нұрғисаның үнхабарларын тыңдап тұрамын.

6. Ansar - Мамыр 8, 2009

balgyrgan, men dausymdy jaria etip adamdardy korkytkym kelmeidi :) Odan kala berdi,kazakhsha söileuge azdap shorkaktaumyn.

arsenal777 - Мамыр 8, 2009

ал мен сенбеймін бұған ;)

balgyrgan - Мамыр 12, 2009

:) Аңсар, даусыңыздан ұяласыз ба?! байқап көрсеңізші :) блогыңыз бар, фотоблогыңыз тағы бар, енді аудиоблог ашып қарық қылмайсыз ба елді :)

arsenal777 - Мамыр 12, 2009

Ansar мен balgyrgan үнхабарларын күтеміз!!!

Ansar - Мамыр 12, 2009

Ұялатындай дауысым да жоқ қой.:) Мен өз дауысынан өзім қашып кететін секілдімін :)

Ұсынысыңыз керемет! Бірақ, …. болмайды екен.