ВВС ізімен(9)
Редактордың қажеттілігі жайында

Материалды жариялау алдында, оны біреу тексерген жақсы. Бұл функцияны веб-сайттың редакторы, немесе редакциядағы журналистер кезектесіп атқарауы мүмкін. Бірақ редакцияланбаған материалды жариялауға болмайды. Себебі ең керемет журналист немесе жазушының өзі қатесін байқамауы, не бір сөзді/мәтінді қайталап жазуы мүмкін. Редактор мәтінді өзгертсе, одан қорықпау керек. Бұл оның жұмысы. Редактор мәтінді көркемдеп, өңдейді, бұл сіздің қолыңыздан да келуі мүмкін, бірақ кейде автор өз материалына қайта-қайта қарап, көп уақытын бөлгендіктен, керісінше біраз қателіктерді(тек қана орфографиялық немесе пунктуациялық емес, стилистикалық қателер де) байқамауы мүмкін.
Редактор мәтінді толық түсіне алмайтын жағдайда, оны редакторға түсіндіріп, оқырманға түсінетіндей қылып, қайта жазу қажет.
Жақсы редактор мақаланың заңнамалық жағын да қарастыру қажет, осылайша веб-сайт дау-дамайдан/арыздардан аулақ болады.
P.S. немесе Ал мен болсам,…
Өз басым блогта көп қате жіберемін, кейде асығып, кейде байқамай, кейде білместіктен. Бақытыма орай, менің оқырмандарым қателерімді көрсе, айтуды ұмытпайды, осындай қате кетті деп хат(пікір емес) жазады. Сіздердің барлықтарыңызға көп рахмет.
Редакциялар жайында айтатын болсам, шынымен де редакторлық және корректорлық жұмыс өте маңызды, әрі міндетті түрде болады. Газет, не ТВ болсын, апта сайын журналистер және осы БАҚ қызметкерлері жиналып, өткен аптаның материалдарына шолу жасайды, қателіктерін көрсетеді, проблемаларды талқылайды.
Интернеттегі веб-сайттар жайында айтатын болсам, өзім «Интерньюс Казахстан» сайтына материал жіберген кезде, оны еш өзгертпестен жариялапты. Қызық, негізі, ішінде қателер бар еді.





Мүмкін біреулеріңіз қазақша үнхабар жоқ дейсіздер, мүмкін қызықпайсыз, бірақ дәл қазіргі уақытта олар Қазнетте дамып жатыр,
Оңтүстік Колифорния Университетіндегі USC Annenberg Strategic Public Relations Center ірі зерттеу орталығы барлық медианың ішінен(тек қана интернет-БАҚ емес) подкастинг соңғылардың алдында тұрғанын мәлімдеді. Интернет-қолданушылардың арасынан 7% адамда сұранысқа ие. 6% — мобильді медиада. Pew Internet зерттеуі боынша, 2006 жылы ай сайын 7% интернет-қолданушы үнхабарды жүктесе, 2008 жылы — 19% болып өсті.








Соңғы пікірлер