Қазақ мерзімді баспасөзі (3) Сәуір 28, 2009
Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: қазақ басылымдарының тарихы т, ұлттық рух
trackback
Тіршіліктен Арқа ажарына дейін
Жер-жаһан соғыс өртіне оранып, ел басына аласапыран күн туған сонау аумалы-төкпелі кезеңде қазақ халқының біртуар қайсар ұлдары Сәкен Сейфуллин, Бәкен Серікбаев, Абдолла Асылбеков, Жұмабай Нүркин сынды азаматтар тығырыққа тірелген жұртына жол көрсетуді мақсат тұтып Ақмолада “Жас қазақ” ұйымының үні – ұлт тілінде газет шығару керектігін ұсынады.
Көпшілік қолдап, қолма-қол ақша жинап, баспахана ұйымдастыру бастамасы көтеріледі. Қаржы жинауда Ақмолалық Шарафат Темірбайқызы Лекерова ерекше белсенділік танытады. Газеттің тұңғыш редакторы болып 1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған “Дала уалаяты” басылымның жауапты редакторларының бірі болған, тәжірибелі баспасөз маманы, адвокат Рақымжан Дүйсенбаев бекітіледі. Сол жылдың көктемінде Рақымжан Дүйсенбаев Қазан қаласының түйеге артып Ақмолаға алғашқы баспахананың жабдықтары мен әріптерін әкеледі. Сонымен Арқа өңіріндегі қазіргі Ақмола облысының аясында тұңғыш қазақ тілді – “Тіршілік” газеті 1917 жылдың шілде айында алғаш рет жарық көреді.
Ақмолада 1917 жылдың шілдесінен 1918 жылдың жаз ортасына дейін шығып тұрған “Тіршілік” газеті алғашқы нөмірінен бастап халықтық-ағартушылық, азаткерлік бағыт ұстанғаны ешбір күмән тудырмайды. “Тіршілік” өзінің тарих сахнасындағы аз ғана ғұмырында туған халқының жоғын жоқтады, мұның мұңдады, сөзін сөйледі. Елді бірлікке, тірлікке бастап, өзінің атына сай жаңаша тіршілік жолын нұсқады.

айтпақшы, менің әжемнің үйінде, осы “дала уалаяты” атты газетің көрдім
шыңымен! ол газеттерді бір қоржын сияқты сөмкеде сақтайды
мүмкін емес, ол тарихи жәдігер
@dnatic
Мәссаған, dnatic, мынауыңыз үлкен жаңалық қой. Мүмкін болса, сол туралы анығырақ жазасыз ба?
оО шыңымен де үлкен жаңалық па? менің атамның үйінде көптеген антиквариат бар) бірақ олар мені қызықтырмайды
көбіне атамның соғыстан қалған фотолары мен трофейлері қызықтырад. ол маған “сс”-тердің финкасын көрсеткен. өте керемет! оны қолда ұстағанда, басқаша сезінесін.