Бұл ерекше Barcamp еді (1) Сәуір 21, 2009
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.Tags: barcamp, блогер, блогинг, блогосфера, жастар, жаңа медиа, подкастинг, стартап, қазақ блогосферасы, қазақ блогшылар, twitter
trackback
Жарты жылдай осы шараны күткен едім, ақыры қатыстым. Бұл жазбаны ресми түрде жазғым келмейді, себебі бұл мүмкін емес. Мен үшін осы баркемп ерекше өтті және оның дәл 2009 жылы өтуі өте дұрыс деп ойлаймын. Себеп? Биыл еліміздің Интернет қолданушылары сан жағынан өссе, Қазнеттің өзі сапа жағынан өсті. Жаңа сайттар, блогтар, сервистер көбейді. Barcamp CA 2009 арқылы көзбе-көз Қазнеттің проблемалары, жаңа идеялар талқыланып, жас стартаптарға демеушілік көрсету мүмкіндігі туды.
17 сәуір күні шараға келген қатысушылар тіркелуден өтіп, бір-бірімен танысып, білісті. Қазнеттің блогшылары, twitter мен yvision.kz – тің қолданушылары және Өзбекістан, Қырғызстан, Латвия, Украина, Беларусь т.б. елдерден келген баркемперлер КИМЭПте жиналды. Көбіміз бұрыннан танитын, бірақ өмірде кездеспеген адамдармен танысуға асықтық. Өз басым Твиттер және yvision-дағы таныстарыммен танысып(кейбіреулеріміз ник пен аватар арқылы бір-бірімізді танысақ, көбіміз фотодағы түрімізден танып қойдық; әйтеуір ол да бір қызық еді), бұрыннан танитын Лена мен Инесса (Баркемпті ұйымдастырған қыздар), Adam Kesher, Сардор (Ташкент), Бектұр мен Сымбатпен (Бішкек) кездестім.
18 сәуір күні презентациялар күні болды. Мен және алматылық Елдар микроблогингке байланысты презентация жасауға дайындалған едік. Қабырғаға ілінген кестеге өзіміздің презентациямыздың уақытын жазып қойдық. Бір кезде алдымнан Қуаныш шыға келді, қарасам қасында Ақзере, Салтанат пен Айкона тұр. Барлығымен танысып, әңгімелесіп, суретке түскен едік. Біраздан соң Нұргелді (оны көрмегелі қай заман) Қостанайдан ұшып келді. Бірнеше презентацияға қатыстық, өкінішке орай барлығына қатыса алмадық. Моблог, Yvision, PodKAZt, Opera mini-ді көріп қайттық.
Ақзере, Айконаның бір жұмыстары болып қалғасын, Салтанат екеуміз қалдық. Операның презентациясында Салтанат кімді көріп қалды деп ойлайсыз? Жанарбек аға да КИМЭПтің ішінде жүр екен. Оны көріп, амандасып, біраз сөйлестік.

Сол күні Қазақ блогшыларымен кездескеніме қатты қуанған едім. Қыздар блогтары сияқты әдемі, салмақты, ақылды!
Келгендеріне және презентацияма қатысқандарына көп рахмет!





Жалғасы бар. Келесі жазбада 19 сәуір немесе Idea markets/Startap competition мен Айконың Сәкіні жайында оқи аласыздар

дәл қазір суреттер дұрыстап қосылмай тұр, міндетті түрде толықтырамын!
Әлия, ажарлысыз. Жалғасын күтейік.
Алия, жалғасын күтемін
БарКэмпингтің қызығы осымен бітпес деген үміттемін…
Біз де жалғасын күтушілердің қатарындамыз
қыздар, көп рахмет
Сенің блогыңа минут сайын өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тұрады екен:) Әлия, әдемі шыққан суреттер.
Алматылық қыздар өткенде ботильонның маусымы бізде әлдеқашан өтіп кеткен деп жатыр еді….әлде, қателескен бе?
Алматыда ол кезде суықтау болды, сондықтан да ол маусым жалғасуда ғой деймін.
…ал бізде екі күн болды — әлі қар жауып тұр
қиын екен, бізде ауа-райы жақсаруда
Үшінші сурет ұрып тұр. Тура бір әдемі постерға сұранып тұрғандай
Айконы көрмей тұрмын ғой. Әлде ол суретке түсірді ме?
Жанарек ағаның қатысқанын сенен алғаш біліп отырмын. Жалғасын күтеміз.
Айкона Салтанаттың қасында тұрған қоңыр курткадағы қыз
А, Айко дейсіз бе, ол келесі күні келді, келесі жазбада болады!
Ұзақ болса да жазайын
Қыздар бірнеше сағатқа қалғанда, я Жәкең ертерек келгенде ғой…
Жәкеңді(шын, аға деуге аузым бармайды, құрдасым емес, я менен тым үлкен де емес) кездестіремін деп ойламаппын. Операның призентациясынан соң, Алияні бір жігіт интервью алуға ма бірдеңеге шақырып, мен басқа призентация көре тұрайын деп ағылшыншасына кірдім. Отырмын. Бір кезде Жәкең оң жақтағы қатардың соңғы партасына кеп отырды. Жалпы, сразу таныдым(фотода қандай, өмірдеде сондай). Бір кезде Алия іздеп телефон соғады. Призентациядан шығып кеттім де Алияға бардым. Солай да солай көрдім! Енді, Алия екеуміз кеп отырмыз(+менің құрбым), призентацияны Опера жайлы айтып американец жалғастырды. 180-мен ұшқанда (с)… ну дело не в этом… Призентацияның соңын тостық… БІТПЕЙДІ!!! Бір уақытта, тыңдаушылардың бірі американдықтың сөзі бөліп өзінің дайындаған тақырыбын басқа аудиторияда айтатынын айтты. Сол мезетте, бәрі шыға бастады. Алия, мен кестеден келесі барар призентацияның аудиториясын біле қояйық деп шығып қайта келсек, Жәкең уже жоқ… Ой ёлки, упустили… Алия солға, мен оңға іздеп … Ақыры, таптық
Қазақтар, тағы бір айта кететін жағдай… Алияның дайындаған призентациясы толығымен қазақша болды және де ДАРА, яғни қазақ тілінде жалғыз-ақ призентация…
Салтанат рахмет
дәл солай болды. Сен көріп қоймасан, мен байқамаушы едім
Keremet jazba!
kiziktar bol denizder
hi*hi*hi sender apasno ekesinder
fotolar uj minda men maildan kutip otrm
Arsik senen uyt bold, maktagan kiz toida … degendei Sakin mundai emes edi, abden uyldim goi tura senen. endi 1 aiga dein oni esh jakka aparmaitin bolip jazaladim
Айко, жоға, Сәкінді түсінем ғой. одан өткен балаларды көріп жүрміз
Pai-pai, keremet koi!
[...] Алия, котрая уже написала про удивительный баркемп Бұл ерекше Barcamp еді, продолжение [...]
Tanityn adamdar goi bari!
Ademi suretter eken, jalgasyn kutemiz!~
5shi suretten, jigittin batyldygy men kyzdyn naziktigin koruge bolad eken
өзі де солай, батыл да нәзік блогшылар
Еее, сол екінші күні барып қайтқан едім. Баркамптің дәмі тартып. Үшінші күніде баруы жоспарлаған едік, бірақ белгілі бір себепттерден бара алмадым.
Алия қарағым өнерің үстем болсын, барлықтарың (Қазақ блогшылары) батыр да нәзік болып жүре беріңдер!
Бір өзі Қазақша ұсыным қойған Алияға алғыс!
Асхат болса екінші Қазақ ұсыным болар ма еді деп ойладым, …содан бізде қосылармыз дегендей.
Балғырған аға демесеңде ренжімеймін.
“содан бізде қосылармыз дегендей.” жақсы сөздер…
жас көрінесіз дегенді дұрыс айтпадым ба… Ренжімесеңіз болды
Мен жоқ екенмін
Алдын-ала рахмет!
Әлия, сенімен танысқаныма мен де қуаныштымын.
Пікірлеріңізге рахмет!
Суреттерді мэйлде күтемін
wow күшті суреттер ) Алия рахмет!
nice!!!
керемет фотолар
Қазақ жастарының заман ағымымен ілесіп, жақсы идеялармен кездескендеріне қуаныштымын!