ВВС ізімен(7) Сәуір 14, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: BBC, жаңа медиа, журнализм, журналистика
trackback
Мәтінді көркемдеу

Сөздің астын сызыду қолданбауғы тырысу керек, себебі оқырман оны гиперсілтеме деп ойлап қалуы мүмкін. БАС ӘРІППЕН жазуды да байқап қолдану қажет, себебі Интернет этикасы бойынша бұл айқайлауды білдіреді.
Жуандатып жазылған әріптер курсивпен жазылғандарға қарағанда жеңілдеу оқылады. Леп белгісі кереметтей назар аудартпайды, әсіресе бірнешеуін қойсаңыз!!!
Аты-жөнін (басында атын әлде фамилиясын жазу қажет), лауазымды, даталарды (мысалы бір датаны әртүрлі жазуға болады 3 қазан 2006 ж., 3/10/06, 03.10.06) қалай жазу керек екеніне байланысты редакциялық саясатты құрастырған дұрыс. Қай амалды қолдансаңыз да дұрыс болады, бірақ веб-сайттағы/блогтағы авторлар тиімді, ыңғайлы тәсілді таңдап, оны барлығы бірдей қолдануы қажет. Сонымен қатар, “тыйым салынған” клише сөздерді қолданбаған дұрыс. Бұл цензура емес, бұл ереже, ол сайттағы мәтіндердің стилистикалық бірегейлігін көрсетеді. Беделді жаңалықтық агенттіктер мен баспасөздер немесе телерадиокомпаниялар стильге талаптарын да жариялайды. Осындай кітаптың мысалын мына жерде көруге болады http://www.guardian.co.uk/styleguide

^_^ мүмкін солай да шығар
Бас тақырыптарды жуан әріптермен берген шынымен де жеңіл оқылады. Ал курсивті, мешіңше, “врезкаларға” қолданса, әдемі көрінеді. Мәтін ерекшеленіп тұрады.
Tynys belgileri durys koiylmagan kanshama kitaptardy kördim. Birak, ogan nazar audaryp otyrmaityn sekildi özderi de.