jump to navigation

Әлемнің үздік блогтары 2009 Сәуір 5, 2009

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.
Tags: , , , ,
trackback

ninth-annual-weblog-awards-the-2009-bloggies_1231604583550
2009 жылдың 16 наурызында Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) 9-рет Әлемнің үздік блогтарына арналған «жүлде» өтті. Қаңтар айында қатысуға өтініштер қабылданып, 200 блогшы іріктелінді, кейін дауыс беру мен ақпанда дауыс берудің уақыты аяқталғаны жайында мәлім болды. Наурызда үздік блогшылардың тізімі жарияланды:
1. Блогтарға арналған үздік веб-қосымша – Google Reader.
2. Жаңа Зеландия/Австралияның үздік блогы – Girl With a Satchel (сән, поп-мәдениет).
3. Азияның үздік блогы (Қиыр Шығысты қосқанда) – Susie’s Big Adventure. (Сауд Арабиясына көшіп келген американ әйелдің блогы).
4. Африканың үздік блогы – Glad to Be a Girl. (Йоханнесбургта тұратын қыздың блогы).
5. Европаның үздік блогы – Chocolate & Zucchini. (аспаздық блог).
6. Латын Американың үздік блогы – A Canuck in Cancun. (Мексикада тұратын канадалық әйелдің блогы).
7. Канаданың үздік блогы – Everybody Likes Sandwiches. (аспаздық блог).
8. Үздік фото-блог – Pioneer Woman Photography.
9. Үздік арт / дизайн / крафт-блог – PostSecret. (Осы блогқа оқырман аты-жөнін көрсетпей өзінің құпияларын жібереді. Күшті идея, қазір осындай сайттар рунетте де пайда болды).
10. Үздік аспаздық блог – Cake Wrecks.
11. Сән туралы үздік блог – Go Fug Yourself.
12. Саяхат туралы үздік блог – Camels and Chocolate.
13. Музыкалық үздік блог – Stereogum.
14. Танымал адамдар туралы үздік блог – Dlisted.
15. Кино / ТВ / театр туралы үздік блог – Television Without Pity.
16. Спорт туралы үздік блог - Fat Cyclist.
17. Саясат туралы үздік блог – FiveThirtyEight.
18. Үздік техно-блог - LifeHacker.
19. Үздік тақырыптық блог – Cute Overload. (жануарлардың қызықты суреттері бар блог)
20. Тинейджерлерге арналған үздік блог- Foodie at Fifteen. ( 16дағы жігіттің аспаздық блогы)
21. Үздік әзіл-оспақ блогы - I Can Has Cheezburger?
22. Мазмұндаудың үздік стилі – Cake Wrecks.
23. Үздік микроблог – One Sentence.
24. Үздік топтық блог – Gawker.
25. Үздік коммьюнити-блог – I Can Has Cheezbuger?
26. Дизайны бойынша үздік блог – Confessions of a Pioneer Woman.
27. Үздік «белгісіз» блог – Pistols and Popcorn.
28. Үздік блог-”жаңа” – Cake Wrecks.
29. Үздік блог-”ескі” – Fark.com.
30. Үздік блог 2009 - Confessions of a Pioneer Woman.
Сыйлық ретінде 2009 цент (20,09 доллар) берілді. Осы блогтардың көбін қыздар, әйелдер жүргізеді екен. Тағы бір қызығы – аспаздық тақырыбына арналған блогтар бірнеше номинацияда жүлдегер атанды.
қайнар

Пікірлер»

1. Bakytnur - Сәуір 6, 2009

Agylshyn tilindegi blogtarga basymdyk beriledi goi…
Uzdik aspazdik degenge Elvira jiberse de bolgandai eken..

2. akzere - Сәуір 6, 2009

Шынымен аспаздық блогтар көп екен…

3. urimtal - Сәуір 6, 2009

Өте қызық екен! :)
Бізде де қазақ блогшылары арасында осындай жүлде болса, аспаздық блогшылар алдыңғы қатардан көрінер еді :)

4. arsenal777 - Сәуір 6, 2009

Осындай жүлде ұйымдастырайық ;)

5. urimtal - Сәуір 6, 2009

Иә, жақсы идея! Неден бастаймыз? Былтыр “Мәссағанда” тіркелген блогтар арасында ұйымдастырлыған еді.

6. arsenal777 - Сәуір 6, 2009

содан қорытындысы шықты ма? есімде жоқ.
бірнеше номинацияда жасауға болады. Үздік қазақша блог 2009 :)

7. kazakjigiti - Сәуір 6, 2009

2009 тиын береди ма уздиктерге? ))

8. arsenal777 - Сәуір 7, 2009

@kazakjigit
тиін болғанда цент қой :) сосын бұнда мәселе ақшада емес, жеңістің өзінде, әр жеңген блогшы өз блогына Үздік деген банер қойып, біраз жаңа оқырманын да тауып алған.