Біз қайдамыз, олар қайда?
Қазақстан Бүгін: 13:04 29.04.2009
Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Республикада интернет-технологияларды дамытудың қазіргі деңгейіне заңнаманы сәйкес келтіру мақсатында заң жобасында негізгі ұғымдарды анықтайтын ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді берудің үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін ережелерді және қолданыстағы заңнамада бекітіп беру ұсынылады. Мысалы, қолданыстағы “веб-сайт” ұғымы порталдар, форумдар, блогтар, интернет – теледидар және басқа технологиялар көмегімен интернет желісінде ақпаратты орналастыруды қамтымайды. Сондықтан осы заң жобасында кең ауқымды “веб-сайт” ұғымын “интернет-ресурс” ұғымына ауыстыру көзделген.
Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Қазақстан Республикасы заңына енгізу ұсынылған.
Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.
Толығымен мына жерде
Заң күшке енетін болса, Қазақстан территориясында әр блог/сайт БАҚ болып саналады (ал әр блогшы – журналист?), веб-ресурстар тіркелуден өтуге тиісті, ал еліміздің соты шетелдік веб-сайттарға кіру жолдарын жауып тастауға құқылы болады. KZ зонасындағы веб-жобалар күрт азайып, нарықта Қазнеттің бәсекелестігі аңызға айналмақ.
Жоғарыдағылар «қажетсіз» сайт пен блогтарға бан қойып, әуреленбейді, енді бәрі ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ болмақ! Осыған қарап, Біз (блогшы/юзер/ азаматтар/ журналистер) және Олардың арасында қаншалықты алшақтық бар екеніне көзіміз жетті. Бұл алшақтық барда ешкім де ұтпайтыны анық!
Қазнеттің белсенді қолданушыларын өздерінің бұл заңға қарсы екенін көрсету үшін 13 мамыр 2009 ж сағат 15 пен 16 аралығында ( Астана уақыты) Қазақстанның интернет кеңістігіне шықпауға шақырады. “Бұл рәсім арқылы Заң қабылдана қалған жағдайда Қазнеттің қандай күйге түсетінін көрсеткіміз келеді” дейді.
P.S. суретте соқыр Фемида



























Соңғы пікірлер