BBC ізімен (6) Наурыз 30, 2009
Posted by arsenal777 in медиа.Tags: BBC, жаңа медиа, журнализм, журналистика
trackback

Өзіңіз
Қалай болса да, журналистикада ең бастысы – жақсы жазу. Бұл барлық ережелерді сақтауға қарағанда маңызды. Ағылшын журналистері: оқырман жайлы бәрін білу қажет,- деп айтады. Батыстық газет және журнал баспагерлері оқырманы жайлы көбірек ақпарат жинау үшін миллиондаған доллар жұмсайды. Оларды не қызықтырады, қандай мәселе/проблемалары, қандай тілегі бар деген сияқты… Мысалы, сіз мәдениет жайында жазатын болсаңыз, аудиторияның жас шамасын білу қажет. Егер аудиторияңыз жас болса, оларға ересектеу аудитория білетін біраз нәрсені түсіндіруіңізге тура келеді. Оқырман жайындағы ақпаратты сайттағы чаттар мен форумдар(блогта пікірлер мен қонақ кітабы) арқылы білуге болады. Бірақ кейде чатта көп отыратын адамдардың пікірі басқа оқырман пікірімен сай келмеуі мүмкін.
P.S. осыған қарсы пікір іспеттес http://plushev.com/2009/03/24/3931/

BCC… British Broadcasting Corporation… Жоқ… Broad Casting Corporation… Әлде…British Casting Corporation…
рахмет, түзеттім)
Жалпы, БАҚ-тың қай түріне болмасын, аудиторияны зерттеген жөн. Ал, газет үшін бұл маңызды. Өйткені, ТД мен радио — ол жерде дауыс, бейне арқылы байланыс орнайды журналистпен. Ал, газетте сәл өзгеше.
Бірақ, қазақ журналисткасында бір “келеңсіз” қалыптасқан жағдай бар — журналист көп жағдайда оқырманды (көрерменді, тындаушыны) өзінен интеллекті төмен деген жаңсақ пікір.
Бір танымал журналисттің айтқаны бар “ешқашан өздеріңді халықтан асқан “данышпанмын” деп санамаңдар” деген. Арсенал, мынауың кез келген БАҚ өкіліне қажет ақпарат екен.
рахмет, Баян. оқырманның да, көрерменнің де тілегі, пікірі есепке алынса, игі еді.
Bayanning sozimen kelisimen. Keibir qazaq basylymdarynda aqyl aity basym…