«Қарағанды жастары» басылымы Наурыз 10, 2009
Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.Tags: қазақ басылымдарының тарихы т, қазақ жастары
trackback
1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін дүниеге келген «Қарағанды жастары» газеті Республика көлемінде тұңғыш Қарағандыда шыққан жастар газет болатын. Редакторы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының(қазір университет. Ә.С.) «Медик» газетінің редакторы, журналист Төлеубай Ермекбаев болатын.
«Қарағанды Жастары» газетін шығару туралы шешім 1989 жылы қыркүйек айында қабылданып, Қарағанды облыстық комсомол күнінің құрметіне газеттің алғашқы саны жарық көрді. Қараша, желтоқсанда тағы екі нөмірі шыққан. 1990 жылдың қаңтарынан бастап басылым 8 беттік көлеммен апта сайын 5000 дана таралыммен шығатын. Редакцияда ұлттық намысы жоғары жастар: Қ. Мұқашев, Ә. Құтжанұлы, Қ. Асанов, С. Жұмағұлов және т.б. болды. 1991 жылы газет «Замандас» деген атпен шығып тұрды. Кеңес одағы құлап, комсомол тарап, қаржы, қаражат тапшылығына ұшырауына байланысты бірер жылдан кейін газет жабылып қалды.
Мәлімет «Арқа ақпарат» сайтынан алынған

Не жайында жазатын болған екен? Қазіргі Жас Отан секілді биліктің шоқпарын ұстамаған ба екен?
білуімше, жоқ. өкінішке орай, ол газет барда мен әлі кішкентаймын, архивте сақталған болар. Негізінде, қалалық жаңалықтар мен студенттер өмірі, әдебиетке де көңіл бөлді. осындағы Қ. Асанов менің университеттегі ұстазым, еліміздің айтыскер ақыны.
суретін көрер ме еді газеттің?
архивте болу керек, бірақ мен әдейі барып, көрген жоқпын.