jump to navigation

Анашым, жан сырым Наурыз 6, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: ,
trackback

2340469906_d9e967c5b9_b
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Ғ. Қайырбеков

d0bcd0b0d0bcd0b0
1203107026_fca1c15774_b</

Пікірлер»

1. Ansar - Наурыз 6, 2009

Осы әнді естісем көңілім босап кетеді. Сондай әсерлі ән!

2. arsenal777 - Наурыз 6, 2009

иә, кішкентай кезімде 8 наурыз мерекесіне қарсы ыңғи айтатынбыз осы әнді.

3. urimtal - Наурыз 7, 2009

Менің де, Аңсар! Анам есіме түседі…

4. Aiko - Наурыз 11, 2009

эх шіркін аналар! оларсыз біз кімбіз??? …
жақсы ән бірақ айтылуы қиын, диапазонды жоғары алатынын айтам да.
Арсик сізді өмірге алып келген анаңызға мың рахмет. Сізде керемет ана болыңыз :)

5. arsenal777 - Наурыз 11, 2009

Айко көптен көп рахмет, айтқаныңыз келсін. Сізге де соны тілеймін.

6. akzere - Наурыз 11, 2009

Ең алғаш жаттаған әндерімнің бірі… Керемет…

7. dnatic - Наурыз 13, 2009