jump to navigation

«Керемет!» жоба немесе «Күшті» бренд. Қыркүйек 19, 2008

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags: ,
trackback

Бұл жазба Том Питерстің «Жоба» немесе «Кез-келген тапсырманы керемет жобаға айналдырудың 50 тура жолы» атты кітабының негізгі тезистері жайында. Егер де алдыңызда интеграцияланған жарнама кампаниясы немесе маркетингтік концепция, не ең құрымаса бақшада сәбіз отырғызам деган мақсат болса, қаладағы ең тәтті сәбіз Сізде ғана болады деп неге ұмтылмасқа? Өз ісіңізді басқалардан ерекше, мықтырақ, басқалардан өзгеше жасап, жобадан максималды нәтиже шығаруға болады. «Керемет жобаны» қалай жасау керек? Том Питерстің «Керемет жобалары» бұл Сізді ӘСЕРлендіретін жоба, өнім, қызмет және т.б. Белгілі жарнамашы Девид Огилви шынайы, есте қаларлық жарнама демінізді бір мезетке тоқтатуы тиіс,-деп айтатын. Ондай ролик есіңізде бар ма? «Nightline» деген бағдарламаның жүргізушісі Тед Коппел шынайы керемет жаңалықтарды «Қасықты лақтырғыш» деп атайды. Неге десеңіз, ондай жаңалықты асхана бөлмесінде жүріп естіген адам, қасығын лақтырып, теледидар алдына жүгіріп келеді. Бұл сізге таныс па? Мысалы, «Керемет!» дегенде еске түсетін жобалар:

 1.Іздеу жүйесі Google (соның ішінде Gmail)

2. Телефон Apple iPhone

3. Ойын S. T. A.L. K. E.R.: Shadow of Chernobyl

4. Автомобиль Hummer 

5. Кино The Matrix

Бұл жобалардың ішінде соншалықты не құпия бар? «Кереметтілігі» неде? Осыны біліп, брендингте әуел бастан қандай қадамдар жасау қажет?

«Керемет» атты жобаның 8 принципі бар екен. 1) Бұл жоба шаттықа бөлейді(нүкте). 2) Қызметкерлер арасында байланыс туғызып, соңғы тұтынушылар арасында қауесет тудырады…динамикалық, шабыттандыратын, күшті, тартымды…онымен бәрі жұмыс істегісі келеді. 3) Жоба мәселе не проблеманы модификациядан өткізіп, анықтайтыны соншалық, оның қатысушыларын(пираттарын?) әлі 10 жылдай ұмытпайды. 4) Бұл жобаның жылдамдығы зор…бұрын оған менсінбей қарағандар енді оны үлкен жетістік ретінде бағалайды… кез-келген бюрократия көрінісін тәлкектейді. 5) Бұл жоба әдемілік+әсемділік+«КЕРЕМЕТтілік»+революциялық ықпал+табынушылар критериі бойынша «бағаланады». 6) Бұл көпшілік армандайтын мекен. Бұл адам-брендтің мән-мағынасы. 7) «Керемет!» жоба – бұл мінез бен тұлғаның көрінісі. Ол жоғары талаптар қояды. Ол үлкен табыс әкеледі. Ол сужүрек адамдар үшін емес. 8)«Керемет!» жоба С-І-З ден басталады.

ақпарат көзі

Пікірлер»

1. ruslannnn - Қыркүйек 20, 2008

Ол енді, әркімге әртүрлі ұнайды ғой.
1. Сталкер ойнаған жоқпын, мыңдаған глюктері туралы оқып жатырмын инеттен, сондықтан ол ойынға тартпайды че-та. Күрделі бір қатесін ресми релизі шыққан күні тауып, заплаткасын да сол күні ресми сайтына шығаратын ойынға сенімім аздау негізі… Мен қызығып жүрген Сталкер – бұл Тарковскийдің “Сталкері”, инеттен алып болғасын қараймын міндетті түрде.
2. Телефоннан маған Нокиа ұнайды.
3. Іздеу жүйесі. Бір-екі ай бұрын Гугль деп сеніммен айтатын болсам, соңғы кезде Yahoo! ұнап жүр, гугль сияқты емес, артық қоқыс аз ішінде.
4. Автомобиль – қозғалыс құралы (с).
5. О, Матрица! )))) Күшті фильм. Есім кетіп қарайтын едім, он рет қайталап көрген болармын. Бірақ одан басқа да күшті фильмдер толып жатыр ғой…

2. arsenal777 - Қыркүйек 20, 2008

Әрине, әр адамның өз таңдауы болады. Менікі де мына жазбадан өзгешерек, ойын болса, мүлдем ойнамаймын, сіз сияқты Матрица болмаса… Негізі, “бренд – это обещание” емекші, егер сіз Нокианың телефон сатып алсаңыз, жасаған таңдауыңызда сенімді боласыз деген сияқты.

3. urimtal - Қыркүйек 21, 2008

SonyEricson тұтынып көрген ешкім жоқ па? Бұрын мен де Нокиа-ның мықты көретінмін. Сөйтсем, СониЭриксон да жақсы болып шықты. Әйтеуір брэндті айналдырып, ақша жасайды екен. Біздегі халықтың 90 пайызы (!) Нокиа телефонын ұстайды. Бұл әлгі брэндің және халықтың жарнамаға тез алданатының көрініс д.о.

4. arsenal777 - Қыркүйек 21, 2008

мүмкін, елдің бәрі Нокианы мықты дейді, сосын дәреже(статус) үшін мысалы верту сатып алады, ол да Нокиа. Ал негізінде SonyEricsonды қолданатындар шынымен де оны көп мақтайды. өзім білмеймін, себебі ыңғи самсунгпен жүрмін. Олардың жарнамасы да, телефондары да қыздарға арналған көп жағдайда, солай мен де алданудамын :)

5. ruslannnn - Қыркүйек 21, 2008

К700-ді көрдім, ішіндегі 3Д теннис ұнады ойындардан :) )) Нокианың басымдағы – ішіндегі интерфейсі өзіме үйреншікті, көп пайдаланғаным осы болғандықтан. Нокиа болғанда, смартфондар, анадай үлкеен болып жатқандары емес, 6300, 6500С сияқты жинақылары ұнайды.

6. arsenal777 - Қыркүйек 21, 2008

түсінікті, Руслан. менің мүмкіндігім болса осыны http://2.bp.blogspot.com/_bZ7g0gnf5KY/SNE0igsUuXI/AAAAAAAAF6c/Uu-xCflUY1M/s1600-h/samsung_witu_review_1.jpg алушы едім

7. Бекзат - Қыркүйек 23, 2008

ruslannnn , намекті түсіндің ба ? )))

8. nurgeldy - Қыркүйек 23, 2008

;)
7-ші коммент “күшті” екен :D

9. ruslannnn - Қыркүйек 23, 2008

Бекзат, Нұргелді, мәссаған, енді қайттім? :)
Аrsenal777, негізі, телефон болғанда, арзанын алған жақсы ғой, олар сапалы да болады, көп бұзылмайды… Мысалы, Нокиа 3100 деген сияқты… Бренд қой, бренд, керемет бренд… Хм :) ))

10. ruslannnn - Қыркүйек 23, 2008

тойыст, Нокиа 3310 дегенім ғой. 3100-ді көрмеппін, бар нәрсе ма, хабарым жоқ. Вот 3310 – классика, раритет.

11. arsenal777 - Қыркүйек 23, 2008

білмеймін, Руслан, маған самсунг ұнайды :) )
қалжын ғой, әркім өз таңдауын жасайды, мүмкін бренд әркімге әрқилы әсер етеді, мүмкін мен бір нәрсе түсінбей жүрмін(нокианы айтам)

12. ruslannnn - Қыркүйек 23, 2008

:D :D
Соңғы екеуі атышулы 7-ші комментке байланысты жазылып еді-дачы, кешірім өтінемін.
:D

13. arsenal777 - Қыркүйек 23, 2008

ештеңе емес)))