jump to navigation

Блогшы сотталды Шілде 22, 2008

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.
Tags: , ,
trackback

Бұрын осы блогжазбаны оқыған шығарсыздар, ал  cnews.kz – тің ақпаратына сүйенсек, Финляндия билігі блогтарға арналған жаңа заң жобасын ұсынып, блогшылардың нәсілшілдік немесе этника, ұлт аралықты насихаттайтын материалдарға тыйым салып, блогтарды заңды түрде қадағалауға алды. Осы жылдың мамыр айында Сеппо Лехто атты фин блогшысы басқа нәсілдің діни көзқарастарына қарсы жазылған материал үшін  2 жылға сотталды. Сонымен, фин билігінің заң жобасы бойынша блогшы өзінің веб-бетіндегі барлық ақпаратқа жауапты (және соның ішінде пікірлерге де).

Пікірлер»

1. Asqat - Шілде 23, 2008

Таяуда Ресейде бір блогшы өз блогында қалдырылған пікірлері үшін жауапқа тартылған.

2. Айко - Шілде 23, 2008

то есть өзі жазбаса да ма? е мое. онда оқып барып саралап рұқсат дегенді бас деңіз :)

Қырқып қой: бізге заңдық тұрғыда қашан қаралмақ блог ісі?

3. arsenal777 - Шілде 23, 2008

ия, оларда солай. бізде қыстан бері интернетті БАҚ ретінде қарастырып, БАҚ туралы заңға толықтыру енгіземіз деген, әзір нақты ақпарат жоқ. Бірақ Асхат аға айтпақшы, богтарымыз тексерілуден өтуде…

4. urimtal - Шілде 23, 2008

Солай, блогшы бауырларым! Бәрімізді де бақылап отыр. Олар да бір-бірімен дачы десіп отырған шығар ;)
Қорыққанға қос көрінер. Бастысы бүлікке бастауы мүмкін жазбалардан аулақ болғанымыз жөн.
Правокациялық комментерге жол бермеуге тырысу керек.
Әлия, мүмкін жазба соңынан қалдырылатын пікірлердің жауапкершілігі туралы да айту керек шығар. Себебі көп ретте пікірдің құны жазбадан артып кетеді емес пе?
Блогтағы пікірді қандай критерий бойынша саралау керек дегендей… Блогтағы пікірдің маңызы қандай деген тәрізді. Негізі ойлантатын дүние екен… Енді ол жағын тойдан кейін көре жатарсың :)

5. arsenal777 - Шілде 23, 2008

Ия, жазу керек. Пікірді де есепке алады, оған да блогшы жауапты. Бір сөзбен айтқанда, блогшы өз блогы үшін толық жауап береді. Ұлтаралық шиеленісті қоздыру деген сияқты андай-мындай шекарасы өте-мөте “жұқа” нәрселер бар…соңы ұмытпау керек. Негізі, біо социолог айтпақшы, “мораль-бұл тоқта мен осында шығам, деген такси емес”, нақты критерийді көрсету қиын, абай болыңыздар!

6. balgyrgan - Шілде 24, 2008

рахмет Арсенал777 керек инфо :)

7. arsenal777 - Шілде 24, 2008

:) оқасы жоқ

8. technosyndrom - Шілде 25, 2008

Құл-Мұхамбеттің құдайы берді…

9. akzere - Шілде 29, 2008

Мдаа…жазар-жазбастан бұрын редакциялау керек де… Қайран, сөз бостандығы… :-(

10. ruslannnn - Шілде 29, 2008

Вау! Цензураға топас жазбалармен тойтарыс берелік! :) Менің жазбаларымнан ілік іздеп отырған адамды елестетіп, күлкім келіп кетті ғой :) ))

11. arsenal777 - Шілде 29, 2008

бәрі де мүмкін қазіргі заманда)))). сондықтан хабардар болыңыз :) қорқытып жүрген жоқпыз ғой. қазақ блогшылары жазса, ойланып жазады(не болса да).