jump to navigation

Жастарға деген сеніммен. Шілде 1, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика, қазақ басылымдарының тарихы т.
Tags: ,
trackback

Мағжан Жұмабаевтың “Жастарға!” деген өлеңі сол замандағы қазақ жастарының ел-жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама десе болғандай.

“Жастар! Алда жүрген, Алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі алындар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойландар. Күнді-түн, жақынды жат, пайданы-зиян деп жүрген, толық саяси хұқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!” дейді де өзінің атақты “Жастарға!” деген өлеңін басқан. Бұл өлеңнің кейбір шумақтарын келтірейік:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!…

 

…”Алаш”-айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!…

…Мен сенемін жастарға!

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда!

Мен жастарға сенемін!

Пікірлер»

1. Dana - Шілде 4, 2008

Келісемін… Мағжан ақынның өлңдері тамаша ғой! Басқа өлеңдері де қатты ұнайды маған!

Бұл жерде тұрған сурет неге кішкентай? :) ))) Көрінбейді екен, жастарымыз ;)

2. arsenal777 - Шілде 6, 2008

бұл суретте менің группаластарым, басқа жастардың фотосын қояйын десем, авторлық құқықтар сақталмайды, сондықтан өз фотомды қойдым. Өз группасын жарнамалап жүр деп біреу айтпас үшін кішірейтіп қойдым :)

3. ruslannnn - Шілде 7, 2008

:)
Оң жақ шеттегісі – сен, оң жақтан төртіншісі – Жанарай.вордпресс.комның иесі ме?

4. arsenal777 - Шілде 7, 2008

ия Руслан, дәл таптыңыз :)

5. urimtal - Шілде 8, 2008

Суреттегі үш сері менің тренингіме келе алмай қалғандар ма? :)
Сәлем айтарсың. Аллаһ жазса, әлі талай кездесерміз!

6. arsenal777 - Шілде 8, 2008

ия, солай. негізі олар группада 9 :) енді қашан көреді екенмін…