Ал сіз барасыз ба? Мамыр 21, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.Tags: blogcamp
trackback

BarCamp дегеніміз не екені жайлы мына жерде оқыған боларсыз. Мен осыған тек қосымша материал беруге тырысамын. Негізгі концепция ағылшын тілінде мына жерде. Әлемдік кэмптердің уақыты мына жерде жазылған. Көп Кэмптер әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Мысалы, Blogcamp – блогшылар мен журналистер үшін, mobilecamp – мобильді технологиялармен айналысатындарға, StartupCamp – интернетте жаңа жобаларды жасайтындар үшін, DemoCamp – ол да сондай, бірақ қысқартылған/жеңілтілген нұсқасы(презентацияларсыз және бірнеше күннің ішінде емес, бірнеше сағат ішінде өткізіледі), iCamp – Кэмптің осы түрінде басқалардан не айырмашылық бар екенін білмедім, әйтеуір биыл жазда Ресейде өтеді. iCamp – бұл интерактивті формальді емес «бей-конференция». Ол интернет әлемінде жұмыс жасайтын, жаңа медиа, блог, web 2.0 жобалар, инновациялық идеялар, азаматтық журналистика, подкасттар, т.б. айналысатын адамдар үшін арналған.
iCamp – бұл жаңа идея, білім, жаңа жобалардың тұсау кесері, шеберлік алмасу алаңы.
Бейресми конференцияның ерекшелігі – жаңа жобалар инкубаторы. Бұл шараның бір бөлігі қатысушылардың жобалары мен идеяға негізделген презентацияларын қаржыландыру үшін жасалынады. Коммерциялық және әлеуметік грандтар алдын ала ұйымдастырылып, жаңа жобаларды қолдап, бұрынғыларын одан әрі жетілдіреді.
BarCamp Baltics 2008 жайлы қыста Асхат ағаның және Жаңа Евразия блогында оқыған шығарсыз, осы Кэмптың алғашқы күні жайлы мына жерден толық көруге болады Сонымен қатар, Нұргелдінің блогында Орталық Азия Barcamp жайлы біраз мағлұмат алуға болады.

Sol camplge endi barain dep jurmin?
Ol ushin ne isteuiim kerek? En jakyn kunderi bolatyn campi kaisy?
Rakhmet, Alija!
Sondai PR barkemke ote paidali eken!
Бақытнұр, 2-сілтеме бойынша қараңыз. Ал Нұргелді жақын арада баратын кэмп туралы сізге күштілеп айтып береді. ОЛ қателеспесем, келесі айда болады.
рахмет. Негізі өз баркэмпіміззді де ұйымдастыру мәселесін қазір талқылап жатырмыз. Жазбаңа рахмет, Әлия!