jump to navigation

Қорытынды Мамыр 17, 2008

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.
Tags: ,
trackback

  Бір апта бұрын «Ең үздік блогтар бестігі» атты сауалнама жүргізген болатынбыз. Сұрақ өте күрделі болғанымен, оған жауап берушілер аз емес-тін. Сіздерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. «Үздік» деген атқа осы блогтар ие болды: Эльвира, Ақбантик, Асхат, Бекжан, «Жаңа Еуразия», Бақытнұр, «Иттірлік», Нұрғиса, Қуаныш, Аршат, «Қарақыздың күнделігі», Алмас, Ақзере мен Абуһажардың блогтары. Осы аталғандардың бәріне 1 не одан да көп дауыс берілді. Өзім осы аталғандардың ішіне Бақытгүл Салықова, Анар Алибаева(Томирис) және Дәуреннің блогын қосушы едім. Ал дауыс беру бойынша бестікке  Эльвира, Үрімтал, Бекжан Толыбай, Бақытнұр – 5 дауыстан, ал Ерлан Оспан(Иттірлік) және Нұрғиса Асылбеков – бірдей 3 дауыстан жинады. Жаңа Еуразия – 2 дауыс. Сонымен, үздк бестікке Эльвира,  Асхат аға, Бекжан Толыбай, Бақытнұр және … Жаңа Евразияны қоссақ дұрыс болатын сияқты. Себебі Қазақ блогосферасына объективті түрде қарайтын болсақ, бұл 5 блог шынымен де үздік блогтардың қатарына жатқызылуы тиіс. Әрине, әр адамның өз талғамы, өз таңдауы бар және әр блогшы өзінің үздік бестігін(не одан да көп) өзі жасай алады.

Пікірлер»

1. urimtal - Мамыр 18, 2008

Қазақ блогшыларының алғашқы бестігін топтастырғаныңа рахмет ;)

2. Айко - Мамыр 19, 2008

сонмен менің крышам кеткен блог алғашқы бестікке кірмейді ме? Қап қайта бастайықшы онда, мен трезвый түрімде даусымды берейін. :)

3. arsenal777 - Мамыр 19, 2008

сіз дауыс берген блог біраз дауыс жинаған, бірақ Жаңа Еуразия блогы бәсекелестіктен тыс орын алыпты :)

4. bakytnur - Мамыр 19, 2008

Jyl sonynda Massaganda saualnama uiymdastyramyz,, Uzdik blog jaiynda, insha..

Kulaktaryna jezden syrga, altynnan kap :)

5. zhannur - Мамыр 20, 2008

massagan, onda daiyndala bereiik.

6. Тоты - Маусым 5, 2008

Жалпы, жаман емес. Оқырманның қызығушылығын тудыратын жақсы бастама болды. Үздіктер орнымен тағайындалған сияқты. Енді сайт сауалнамасын асыға күтеміз.

7. arsenal777 - Маусым 5, 2008

рахмет. әзірше саулнама болмайды. бірақ дипломды қорғаған кезде(ИншАллаһ10 маусымда)сіздерге есеп беремін.

8. bakytnur - Маусым 5, 2008

Saualnama dep Massagandagyny aitkan goi dimin :) Ozin korinbei ketkesin, diplom zhumysymen busy jur goi devotyrmyn.

Inshallah, 10 mausymda esep kutemiz :D

9. arsenal777 - Маусым 6, 2008

а, ия. байқамай қалдым. сәл ауырып қалдым оның үстінен, міндетті түрде жазамын.