Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух. Мамыр 14, 2008
Posted by arsenal777 in публицистика.Tags: Мұхтар Мағауин, ұлттық рух
trackback
(жалғасы)”Басты кейіпкер тазы, яғни, ит болғанымен, шығармадағы негізгі айтылатын мәселе – адам тағдыры, халықтық асыл қазынамыз жақсы салт-дәстүрге деген заманалық көзқарас… Қазы соғыс мүгедегі, ескінің көзі сынды қазақи арман мен мұңға бейім жан. Тазы болса, иесінің ішкі әлемінің қыжылы мен шыжығының бір көрінісі сынды тілсіз хайуан. Ғұмыр бойы ата-баба дәстүрін қадірлеп өткен, дәстүрді сақтау дегенің ұлтты сақтау болып табылатынын іштей ғана түйсініп, айналасына ашық жариялай алмай, тіршілікпен қоштасқан Қазының қайғысы қалың қазақтың іштен тынған мұңын сездіреді“. Ал ″Жүйрік″, ″Жыланды жаз″ туындыларында атбегілікті пен жүйрік тағдырын, ата салтқа деген адамдардың заманалық көзқарасын суреттейді. Ежелден төрт түлік малды қастерлеп өскен жаз жайлауда шүйгінді жерлер мен мөлдір су жағасын қоныстанған, ат баптап, қыран құс ұстаған қазақтың табиғатпен терең байланысы, оны қастерлеуі түсінікті де. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі – жылқыға деген сүйіспеншілікті білдіретін ″Жүйріктегі″ Мамай қарт пен ″Жыланды жаздағы″ Едігенің бойынан көруге болады. Мамай – аттардың, оның ішіндегі бәйге аттардың, қадір-қасиетін білетін, ұлттық атбегілік өнерін бойына жинаған қарапайым ақсақал. Оның әр бәр қимыл әрекеті, ойы, наным-сеімі ықлым замандардан бері қолданылған қазақи ерекшеліктердің жиынтығы ретінде көрініс тапқан. Нарқызылды балаша күтіп, аттардың жетістіктеріне шын қуанатын ақ көңіл, парасатты қарияның өлімі өкінішті-ақ. Соңғы бәйгеден адамдардың зұлымдықтарының нәтежиесінде ақсап шыққан жүйрікке Мамайдан басқа ешкім ем таба алмайды. Мамайдың дүниеден өтуі Нарқызылдың басынан бәйгілік дәуреннің көшуі еді. ″Ел-жұрт ойын алаңына тегіс жиналып, аудан басшылары көктем мерекесіне арналған шағын митингісін өткізіп жатқанда Мамай жаяулап келіп қызыл атты алды-артынан бірлей таразылап шыққан. Қапысыз таныпты. Тұлпар. Тек… ащы тері алынбаған. Жер алыс, отыз бес шақырым, қыза келе жүгірісін түзер деуге топқазы…″. Бұл туындыдағы Мамай ақсақалдың шын жүйрікті алыстан тани білуі, атбегіліктің қыр-сырын жетік меңгеруі халқымыздың тәңір түріктің қанына сіңген, атадан балаға берілетін алланың сыйы екенінде күмән болмаған. ″Бәйгеге қатыспақ қырық жеті ат көмбеге иін тіресе, сап түзей тізілді. Нарқызыл орта тұста… Тыныш тұр. Тек әдепкіден гөрі сәл мазасыздау сияқты. Құлағын қайшылап, мойнын көтере береді. Үйреншікті ″Лап!″-тың орнына мылтық атып белгі бергенде бергенде біраз ат үрке тайсақтағандай еді, кімнің не болып жатқаны белгісіз, жүзден астам сәйгүлік опыр-топыр араласты да кетті. Орнынан атып тұрып, кеңірдегін созған Мамай әп-сәтте әудем жер ұзаған аттардың ең алдында, есік пен төрдей жерде өзінің Нарқызылының кетіп бара жатқанын көрді. Дауысының қалай шығып кеткенін өзі де білмейді. ″Аруақ! Аруақ!!″-деп күңіренте айқайлады да, бойындағы бар күші сонымен сарқылғандай, сылқ етіп отыра кетті. Содан бәйге біткенше зор денесі қушия бүріскен қалпы, қимылсыз, үнсіз қалды″.(жалғасы бар)

Мұхтар Мағауин bul blogtagy en ulken Ilmek eken!
басқа ілмекетр жоқ)))
apptyrdyng Мұхтар Мағауин -ge degen kurmetin korsetedi!
ия, дәл таптыңыз. негізі, әр студент өзі жақсы көретін тақырыбына ғылыми еңбек жазғанда жақсы нәтиже шығарады деп ойлаймын.