jump to navigation

Сын жанрлары хақында. Мамыр 7, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags:
trackback

Әдебиет пен сын өмірге бірге келді. Сын алғашқы ақын жұрт алдында шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Әдеби сын көркем әдебиеттің болашақ даму жолдарын көрсетіп отыратыны болғандықтан да оның пікірлерінде болжамдық сипат болады. Әдеби сынның дәрежесі ең алдымен оның субъектісіне, яғни сыншыға байланысты. Сыншы – аса күрделі тұлға. Сыншыға бір ғана көркем әдебиетті біліп, әдебиетші болу аз. Ол - әдебиеттану ғылымымен, одан қалды бүкіл қоғамдық ғылымдардың жетістіктерімен жан – жақты қаруланған, білімдар адам да. Енді сын жанрларына тоқталсақ: ӘДЕБИ ХАБАР-жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету. Бұл шағын жанр болғанымен де, ұтымды пайдалана білгенге берер мүмкіндігі мол. АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. РЕЦЕНЗИЯ-бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді.  Аннотацияда хабарлаушылық, үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе, даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты қасиеттерінің біріне айналды. МАҚАЛА-«Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Ал баспасөзде бұл бөлек жанр. Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады. Мақаланың мақсаты-әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ-жазушы туралы құжатты «очерк». ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.(Дандай Ысқақтың «Сын өнері» атты кітабы бойынша)

Пікірлер»

1. Kubeyev Dauren - Мамыр 7, 2008

Сын - шығармашылықтың қайрағы болу керек, әрбір айтылған сыннан өнер ұшталып, өткірлеу керек. Мұқағали Мақатаевтың ойын өзімше осылай жеткізбекпін.

2. arsenal777 - Мамыр 7, 2008

ия, тамаша айтылған сөз. кәсіби сын шығармашылықта(қай саласы болмасын) өте қажет.