jump to navigation

Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық рух. Мамыр 14, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags: ,
4 comments

(жалғасы)”Басты кейіпкер тазы, яғни, ит болғанымен, шығармадағы негізгі айтылатын мәселе – адам тағдыры, халықтық асыл қазынамыз жақсы салт-дәстүрге деген заманалық көзқарас… Қазы соғыс мүгедегі, ескінің көзі сынды қазақи арман мен мұңға бейім жан. Тазы болса, иесінің ішкі әлемінің қыжылы мен шыжығының бір көрінісі сынды тілсіз хайуан. Ғұмыр бойы ата-баба дәстүрін қадірлеп өткен, дәстүрді сақтау дегенің ұлтты сақтау болып табылатынын іштей ғана түйсініп, айналасына ашық жариялай алмай, тіршілікпен қоштасқан Қазының қайғысы қалың қазақтың іштен тынған мұңын сездіреді“. Ал ″Жүйрік″, ″Жыланды жаз″ туындыларында атбегілікті пен жүйрік тағдырын, ата салтқа деген адамдардың заманалық көзқарасын суреттейді. Ежелден төрт түлік малды қастерлеп өскен жаз жайлауда шүйгінді жерлер мен мөлдір су жағасын қоныстанған, ат баптап, қыран құс ұстаған қазақтың табиғатпен терең байланысы, оны қастерлеуі түсінікті де. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі – жылқыға деген сүйіспеншілікті білдіретін ″Жүйріктегі″ Мамай қарт пен ″Жыланды жаздағы″ Едігенің бойынан көруге болады. Мамай – аттардың, оның ішіндегі бәйге аттардың, қадір-қасиетін білетін, ұлттық атбегілік өнерін бойына жинаған қарапайым ақсақал. Оның әр бәр қимыл әрекеті, ойы, наным-сеімі ықлым замандардан бері қолданылған қазақи ерекшеліктердің жиынтығы ретінде көрініс тапқан. Нарқызылды балаша күтіп, аттардың жетістіктеріне  шын қуанатын ақ көңіл, парасатты қарияның өлімі өкінішті-ақ. Соңғы бәйгеден адамдардың зұлымдықтарының нәтежиесінде ақсап шыққан жүйрікке Мамайдан басқа ешкім ем таба алмайды. Мамайдың дүниеден өтуі Нарқызылдың басынан бәйгілік дәуреннің көшуі еді. ″Ел-жұрт ойын алаңына тегіс жиналып, аудан басшылары көктем мерекесіне арналған шағын митингісін өткізіп жатқанда Мамай жаяулап келіп қызыл атты алды-артынан бірлей таразылап шыққан. Қапысыз таныпты. Тұлпар. Тек… ащы тері алынбаған. Жер алыс, отыз бес шақырым, қыза келе жүгірісін түзер деуге топқазы…″. Бұл туындыдағы Мамай ақсақалдың шын жүйрікті алыстан тани білуі, атбегіліктің қыр-сырын жетік меңгеруі халқымыздың тәңір түріктің қанына сіңген, атадан балаға берілетін алланың сыйы екенінде күмән болмаған.  ″Бәйгеге қатыспақ қырық жеті ат көмбеге иін тіресе, сап түзей тізілді. Нарқызыл орта тұста… Тыныш тұр. Тек әдепкіден гөрі сәл мазасыздау сияқты. Құлағын қайшылап, мойнын көтере береді. Үйреншікті ″Лап!″-тың орнына мылтық атып белгі бергенде бергенде біраз ат үрке тайсақтағандай еді, кімнің не болып жатқаны белгісіз, жүзден астам сәйгүлік опыр-топыр араласты да кетті. Орнынан атып тұрып, кеңірдегін созған Мамай әп-сәтте әудем жер ұзаған аттардың ең алдында, есік пен төрдей жерде өзінің Нарқызылының кетіп бара жатқанын көрді. Дауысының қалай шығып кеткенін өзі де білмейді. ″Аруақ! Аруақ!!″-деп күңіренте айқайлады да, бойындағы бар күші сонымен сарқылғандай, сылқ етіп отыра кетті. Содан бәйге біткенше зор денесі қушия бүріскен қалпы, қимылсыз, үнсіз қалды″.(жалғасы бар)

Ең Үздік Блогтар. Мамыр 8, 2008

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.
Tags: , , , ,
14 comments

Құрметті қазақ блогшылар және оқырмандарымыз, диплом жұмысымның қосымшасына «Қазақ блогтардың Үздік Бестігі» қажет болып тұр. Олардың критерийлері мыналар: блогтың жаңартылуы және жарияланған ақпараттың маңыздылығы. Осы тұста тәжірибе, яғни блогтардың өмір сүру мерзімімен санасу да қажет сияқты.Сонымен, сіздің үздік бестігінізді білгім келеді. Пікір білдіріп, Қазақ блогосферасының Ең Үздік Блогтарын бірге анықтайық.

Сын жанрлары хақында. Мамыр 7, 2008

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags:
2 comments

Әдебиет пен сын өмірге бірге келді. Сын алғашқы ақын жұрт алдында шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Әдеби сын көркем әдебиеттің болашақ даму жолдарын көрсетіп отыратыны болғандықтан да оның пікірлерінде болжамдық сипат болады. Әдеби сынның дәрежесі ең алдымен оның субъектісіне, яғни сыншыға байланысты. Сыншы – аса күрделі тұлға. Сыншыға бір ғана көркем әдебиетті біліп, әдебиетші болу аз. Ол - әдебиеттану ғылымымен, одан қалды бүкіл қоғамдық ғылымдардың жетістіктерімен жан – жақты қаруланған, білімдар адам да. Енді сын жанрларына тоқталсақ: ӘДЕБИ ХАБАР-жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету. Бұл шағын жанр болғанымен де, ұтымды пайдалана білгенге берер мүмкіндігі мол. АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. РЕЦЕНЗИЯ-бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді.  Аннотацияда хабарлаушылық, үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе, даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты қасиеттерінің біріне айналды. МАҚАЛА-«Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Ал баспасөзде бұл бөлек жанр. Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады. Мақаланың мақсаты-әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ-жазушы туралы құжатты «очерк». ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.(Дандай Ысқақтың «Сын өнері» атты кітабы бойынша)