Қазақ блогшылар!!! Сәуір 17, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.Tags: сауалнама, қазақ блогтары
trackback
Қазақ тілінде блог жүргізу бәріміз үшін әдетке айналды деп айтсам, қателеспейтін шығармын. Әдеті былай тұрсын, бұны парыз, міндет деп санайтын блогшылар бар екеніне күмәнданбаймын. Алғаш қазақ тілді блогтардың ішінде Эльвираның «Аспаздық» блогы 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап тағамдар рецептерімен бізді таныстыруда. Бұл блог дәстүрлі БАҚтағы салалық басылымдарына жақын, себебі тек қана аспаздық тақырыбына арналған. 2006 жылы журналист Асхат Еркімбайдың «Үрімтал» атты блогы әлеуметтік, саяси, діни тақырыптарды қозғайтын, электронды басылымға ұқсас, бүгінде ең көп оқылатын веблогтардың бірі болса, Бақытнұрдың блогы word press тұғырнамасында қателеспесем 2007 жылдың сәуірінен, Аршаттікі 2007 жылдың ақпаңынан, Қуаныштікі 2007 жылдың шілдесінен, ал Анар Алибаева мен Бақытгүл Салықованың жеке веб-беттері 2007 жылдың мамыр айында пайда болды. Қазақ блогтары әртүрлі бағытта, тақырыпта жүргізіледі. Олардың ішінде салалық блогтар(дін, әдебиет, салт-дәстүр, өнер, ақпараттық технологиялар, спорт) және бірнеше тақырыпты қамтитындары да кездеседі. Өткен жексенбіде Қазақ блогшыларының google group-та сауалнама ашқан едім. Оған жауап бергендер әзірге аз. Сондықтан сауалнама сұрақтарын осында жариялаймын. Жауаптарды пікірге тастауға болады.
- Блог бастағаныңызға қанша болды?
а) 6 ай
ә) 1 жылдан аз
б) 1 жыл
в) 1 жылдан көп
2. Блог бастауға не түрткі болды?
а) жеке қызығушылық
ә) жұмыс
б) достарым
3. Блог жүргізуде қандай қиындықтар бар?
а) интернет қымбатшылығы
ә) қызықты ақпарат жоқтығы
б) техника жағын түсінбеуім
в) қиындықтар болған жоқ
4. Блогыңызды қандай негізгі бағытта жүргізесіз?
а) ақпараттық технологиялар
ә) діни
б) шығармашылық(поэзия,проза,лирика,әдебиет)
в) аспаздық/тұрмыстқ кеңестер
г) әлеуметтік хабарлар(жаңалықтар/зерттеулер)
5. Қазақ блог жазбалардың ақпараттық маңыздылығын бағалаңыз:
а)мен үшін қажетті материалдар өте көп
ә)анда-санда қажетті ақпараттар жарияланады
б)маңызды/өзекті ақпаратты табу қиын

Пікіріне рахмет. Зерттеулерің өте қызық. Әрі біз үшін өте пайдалы.
Salem! Jaksy makhala. Bergen malimetterin ote manyzdy.
Осындай әсерлі зерттеулер нәтижесі блоггерлер әлеуметіне пайдалы болатынына сенімімді арттырып, сіздей блоггерлер алдында алғысымды білдіремін!
Асхат аға, Нұргелді, Қуаныш, Дәурен, пікірлеріңізге көп рахмет, барлықтарыңызға блогинг саласында табыс тілеймін. Бұл зерттеудің жалғасы болады.
Menin atymda da bog jaily malimetimde de kate bar
блог жайлы мәліметте қандай қателік бар? Уордпресске дейін басқа хостингта болғансыз, ол блогыңызды оқымаппын, сондықтан тек қана Уордпрессті жазғам…негізі әлі де кеш емес қой түзетуге.
Menin blogymda On jakta: Алдыңғы жазбаларым degennen Aidy tangdanyz degen tandau bar.
Sol jerden kore alasyn
менде осындай ұятсыз идея пайда болды, егер ыңғи қате жіберетін болсам, менің рейтингім өседі. себебі бәрі қате жібердің деп пікір жазады)))))
Jauaptardi jazu kerek pe edi? Eshkim jazbagan son kumandanip kaldim. menin jauaptarim:
1. в)
2. а)
3. в)
4. в)
5. ә)
saualnama jurgizgeninizge rahmet.
рахмет Эльвира. сіздің жауаптарыңыз өте қажет
Biz synypta zhaksy okityn bolgasyn tapsyrmany uakytynda oryndap koiganbyz Eleke
Arsenal idean kushti eken!
сыныпта жақсы оқыпсыз, еш күмәніміз жоқ)))
Бақытнұр атынды менде осылай жазып жүргем. Сонда қалай жазылады екен а?
мен де аттан қате жазам деч
ма-ма
жоқ Айко, уайымдамаңыз. мен қате жібергем басында байқаусыздан, сосын түзеттім.
Сауалнамаға жауап берейін:
1) а
2) а
3) ә
4) б
5) ә
рахмет!
1. 2-3 апта болу керек, шатаспасам.
2. Жарқын болашаққа нық сеніммен қарай отырып, үздік елулі… Тьфу! Жеке қызығушылық дей қояйын…
3. Бәрі бар ғой, тек қарж… Ммм…Тойыст, қиындықтар болған жоқ, әзір..
4. Дін мен саясат туралы жазбауға тырысам. Ақпараттық технология, еріккенде туған ойлар, тіпті еріккенде шығармашылық…
5. Қызықты материалдар жарияланады. Пайдалы болсын, болмасын, оқуға қызық…
Рахмет, Руслан!
1. Екі ай бұрын бастап, тұрақты түрде екі апта бұрын жаза бастадым.
2. а.
3. в.
4. жеке ойлар, көзіме түскендер, көңліме тоқылғандар (әртүрлі)
5. ә. Пайдалы болсын, болмасын, оқуға қызық. © Русланннн
2karakyz
рахмет.