Блог түрлері Сәуір 5, 2008
Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.trackback
Блогтардың авторы кез-келген адам бола алатыны бәрімізге белгілі. Заң немесе экономика саласында жазатын журналист немесе үй шаруасындағы әйелдің блогтары тақырып жағынан әртүрлі болатыны түсінікті, сонымен қатар жеке беттің мазмұны ғана емес, дизайны, орнатылған суреттері, ал ең бастысы оқырманы да әртүрлі болады. Осыдан біз блогтарды бір жүйеге келтіріп, түрге бөлгенді жөн көрдік.
Блог түрлері көп және оларды бір критерийге кіргізу оңай емес, себебі блог өзінің «еркінділігімен» ерекшеленеді. Мысалы, бір блогтың ішінде ғылыми тақырыптарға, автордың немесе кез-келген басқа адамның жекебас өміріне қатысты жазбалар және тұрмысқа пайдалы кеңестер болуы мүмкін. Осындай жағдайда блогтың жазбаларын салаларға бөлу – баспасөздегі Айдарлардың функциясын атқаратын бөлімдер бар. Жеке бетте «бөлімдер» немесе «айдарлар жинағы» деген жазудың астында автордың өзі құрастырған тақырыптарға сілтемелер жасалынады. Осылайша, бір блогтың ішінде бірнеше тақырыптарға жазбаларды жариялауға болады. Мысалы: суреттерім, аудармаларым, әңгімелерім, өлеңдерім, экономикалық зерттеулерім, т.с.с.
Тақырып жағынан блогтарды Ғылым, Саяси, Экономика, Дін, Спорт, Сән, Экология, Әлеуметтану, Мәдениет т.б. салаларға бөліп қарастыруға әрине болады, бірақ жоғарыда айтылғандай, бір блог бірнеше саланы қамтуы мүмкін, бұл заңды да. Себебі оқырман бір блогтан бірнеше тақырыпқа арналған жаңалық оқыса, уақытын үнемдейді, ал блогшы бірнеше тақырыпта сапалы ақпаратпен жеке-бетін қамтып отырса, танымалдылығы да, оқырман саны да күннен күнге артады. Блогтың түрін анықтау әдісі авторға блогжазбаларды жазу әдісі мен файлдық ерекшелігіне қарай бөлуге болады. Ашық энциклопедия «Википедияда» блогтар төмендегідей сұрыпталған:
Автор/Авторлар бойынша:
- Жеке(авторлық, жекеменшік) блог – бір адаммен жүргізіледі(яғни өзінің иесімен);
- «Белгісіздің» блогы – есімі анықталмаған блог иесі атыннан жүргізіледі;
- Ұжымдық блог – блог иесі тағайындайтын бірнеше адамның қатысуымен жүргізілетін блог;
- Корпоротивті блог – бір ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін блог.
Мультимедиа түрі бойынша:
- Мәтіндік блог – негізгі мазмұны тек қана мәтіннен құрылса;
- Фотоблог – тек қана фото өңімдерінен құрылған блог;
- Әуендік блог – тек қана ән-күйден құрылған блог;
- Подкаст және блогкастинг – блогтың негізгі мазмұны автормен оқылған МР3-түріндегі аудио файлдардан құрылады.
- Бейнеблог – блогтың негізгі мазмұны видеофайлдардан құрылған.
Мазмұн түрі бойынша:
- Контенттік блог – автордың алғашқы жазбасын өзгертпей жариялайтын блог;
- Мониторингтік(сілтемелік) блог – негізгі мазмұн басқа блогтардан алынған цитаталардан тұрады;
- Сплог - спам немесе Интернет пайдаланушы үшін рұқсатсыз жіберелетін жарнама мен хабарлардан тұратын блог.
- Тамблелог – басқа блогжазбалардан айырмашылығы қарапайымдылығында. Бұл блогтың түрі қойындәптерге ұқсас және Тамблелогтың бірнеше түрі бар:
1. қарапайым блогжазба;
2. сілтеме немесе тек қана бір салаға байланысты сілтемелер тізімі;
3. цитата;
4. әңгімелесу, мысалы Интернет арқылы 2 адамның хат алмасу арқылы пайда болған диалог;
5. бейне: фото немесе сурет;
6. YouTube, Yahoo.Video, My space сияқты сайттарда видеоны орнатып, блогта оған сілтеме жасау. Бұл сілтемелер бір тақырыпта топтастырылуы немесе әртүрлі болуы мүмкін.
Техникалық неізі бойынша:
- Stand alone(автономды) блог – бөлек хостингтегі немесе тұғырнамадағы блог. Бұндай блогтар веб-кеңістікте нақты иесінің жеке меншігі болып табылады;
- Блог-тұғырнамадағы блог – блог-қызметтер((Livejournal, Liveinternet т.б. сияқты) негізінде жүргізіледі;
- Моблог – мобильді веблог, бұндай блогтардың негізгі мазмұны вебте мобильді немесе портативті құрылғылар арқылы орналасады. Телефон немесе сандық құралдардың көмегімен қашықтықтан жаңартыла алатын блог.
Қазақ тіліндегі блогтарда қандай айдарлар жиі қайталанып, сұранысқа ие екенін білу арқылы, бүгінгі қазақ интернетіне диагностика жасауға болады деп ойлаймын.
Бірінші орында сөзсіз ақпараттық технологиялар болар. себебі блогшылардың көп бөлігі осы саланың адамдары.
Одан соң, қазақ тілі болатын шығар.
Жалпы бізге қазақ блогшыларына ілмектер мен айдарларды бір нақтыласақ жақсы болар еді. кейін іздегенде табу үшін. Мәселен, тілге қатысты болса, “қазақ тілі” деген ілмекпен жариялап, суреттер болса, “сурет” деген ілмек деген тәрізді. Арсенал, қалай ойлайсың, осы мәселені қалай шешуге болады?
Мүмкін ілмектер туралы арнайы зерттеу жүргізу керек шығар.
көп рахмет. ілмектер іздеу моторының жұмысын жеңілдетсе, онда сіздің және тағы бірнеше танымал блогшылардың блогтарында ілмектердің тізімі хабарлама ретінде жазылса…
көп қайталанатын сілтемелерге сіз айтқандай ақапараттық технологиялар, суреттер, өлең, әңгімелер, қаржы, кәсіпкерлік, саясат, заң, ғылым, қоршаған орта, денсаулық …сияқты жазуға болатын секілді.
күшті негізі блог деген, менды былай сұрақ бар, кз.да қазақша блогтардың тізімі толық жарияланған арнайы сылка бар ма екен. әлде жекелеген сайттардың сылкасы бойынша ғана табылады ма екен. Гуглден іздедің дейк бірақ ол жерде сөзбен ғана табатын болғандықтан бәрі табыла қоймайды ғой. Мысалы блогтардың үлкен тізімін Бақытнұрмен Нұрғисаның Өрімталдың блогтарынан кездестірдім. Басқа қандай да жолдары бар. яғни табу жолдары дегенім ғой. Арнайы сайт бар ма?
рахмет. меніңше барлық жиі жаңаланатын блогтар тізімі массағанның қазақ блогтары атты бөлімнен көруге болады. сіз блогыңызды қашан ашасыз?
kyzyk malimetter. diplomga kosatyn shygarsyn.
рахмет, қосып қойдым.
арсенал777 жақында болып қалатын шығар
айтқаның келсін, Айко))))