jump to navigation

Блог түрлері Сәуір 5, 2008

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.
8 comments

 

Блогтардың авторы кез-келген адам бола алатыны бәрімізге белгілі. Заң немесе экономика саласында жазатын журналист немесе үй шаруасындағы әйелдің блогтары тақырып жағынан әртүрлі болатыны түсінікті, сонымен қатар жеке беттің мазмұны ғана емес, дизайны, орнатылған суреттері, ал ең бастысы оқырманы да әртүрлі болады. Осыдан біз блогтарды бір жүйеге келтіріп, түрге бөлгенді жөн көрдік.

-         Контенттік блог – автордың алғашқы жазбасын өзгертпей жариялайтын блог;

-         Мониторингтік(сілтемелік) блог – негізгі мазмұн басқа блогтардан алынған цитаталардан тұрады;

-         Сплог - спам немесе Интернет пайдаланушы үшін рұқсатсыз жіберелетін жарнама мен хабарлардан тұратын блог.

-         Тамблелог – басқа блогжазбалардан айырмашылығы қарапайымдылығында. Бұл блогтың түрі қойындәптерге ұқсас және Тамблелогтың бірнеше түрі бар:

1. қарапайым блогжазба;

2. сілтеме немесе тек қана бір салаға байланысты сілтемелер тізімі;

3. цитата;

4. әңгімелесу, мысалы Интернет арқылы 2 адамның хат алмасу арқылы пайда болған диалог;

5. бейне: фото немесе сурет;

6. YouTube, Yahoo.Video, My space сияқты сайттарда видеоны орнатып, блогта оған сілтеме жасау. Бұл сілтемелер бір тақырыпта топтастырылуы немесе әртүрлі болуы мүмкін.

Техникалық неізі бойынша:

-         Stand alone(автономды) блог – бөлек хостингтегі немесе тұғырнамадағы блог. Бұндай блогтар веб-кеңістікте нақты иесінің жеке меншігі болып табылады;

-         Блог-тұғырнамадағы блог – блог-қызметтер((Livejournal, Liveinternet т.б. сияқты) негізінде жүргізіледі;

-         Моблог – мобильді веблог, бұндай блогтардың негізгі мазмұны вебте мобильді немесе портативті құрылғылар арқылы орналасады. Телефон немесе сандық құралдардың көмегімен қашықтықтан жаңартыла алатын блог.