jump to navigation

Бірлік туы Наурыз 30, 2008

Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.
trackback

Алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1917 жылы 24 маусымнан 1918 жылы сәуір айының ортасына дейін Ташкент қаласында аптасына 1 рет шығып тұрған. Негізін қалаушы, әрі алғашқы редакторы – Мұстафа Шоқай. Газетті шығару ісіне Қ. Болғанбаев пен С. Қожанов тікелей атсалысты. Газет 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан  қоғамдық – саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеуметтік экономикалық ахуалы туралы хабарларды жариялап, елді бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы болды. Газет қазақтардан бақа, қырғыз, өзбек, татар т.б. түркі халықтың арасына кеңінен тарады. 1917 жылы тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақ-қырғыз съезі баспасөз туралы мәселе бойынша «жаңадан шыға бастаған «Бірлік туы» барша қазақ-қырғызға ортақ болсын» – деген қаулы қабылдаған. «Бірлік туы» Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне қолдау көрсетіп, бұл жөнінде «Түркістан автономиясы», «Бостандық һәм автономия», «Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары», «Сырдария қазақ-қырғыз съезі» деген мақалалар жариялады. «Бірлік туы» кеңестік биліктің Түркістан өлкесінде биліктің Түркістан өлкесінде орнығуына наразылық негізгі басшылыққа алған саясатын сынайтын. «Кім дос, кім қас?», «Өзіміздің большевиксіндерге», «Қазақ халқының дұшпандары», «Тұла бойы қан сасиды», «Қоқан қырғыны», «Мұстафа хаты», т.б. мақалалар жариялаған. Газет кеңес өкіметі тарапынан қысымшылық көріп, жабылды.

Пікірлер»

No comments yet — be the first.