jump to navigation

Азаматтық журналистика - Citizen journalism Наурыз 26, 2008

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа, публицистика.
add a comment

БАҚ өміріндегі тың әрі өткір мәселелерді көтеріп, халықтың ойларын, ұсыныстарын ортаға салатын, әртүрлі көзқарастардың көрініс табатын, нағыз плюрализмнің мінберіне айналатын болса, масс-медиа жүйесі өз тұтынушылары үшін жаңа мүмкіндік жасау тиіс. Оқырман, тыңдарман, көрермен қауымды БАҚпен тығыз байланыста ұстап, оларды медиа ісіне тарту, шығармашылыққа, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуын және күнделікті тіршілік түйткілдерінің, әлеуметік проблемалардың басты тақырыпқа айналуы азаматтық журналистика құбылысын туындатады. Әлемтордағы ашық энциклопедия «Википедияға» сүйінсек, Азаматтық журналистика - ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматтық журналистика – БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. 2003 жылы Online Journalism Review атты мақалада Джей Ди Лассика азаматық журналистикадағы БАҚты осылайша сараптайды:

1) аудиторияның қатысуы(мысалы, интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, мобильді телефондардағы камераға түсірілген бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары);

2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар;

3) жаңалық жариялайтын сайттардың интернет пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру;

4) жеке сайттар;

Осыдан біз сайтта, әлеуметтік жүйенің жеке бетінде немесе блогта видео, аудио, мәтін  өнімдерді орнатып, басқалардың осыны жүктеп алуға немесе өзіндікін қосуға мүмкіндігі жасалынатынын көреміз. Ал ақпараттық технологиялар маманы, журналист, әрі блогшы Дэн Гиллмор бүгінгі азаматтық журналистиканың көшбасшысы деп айтуға болады. Ол коммерциялық емес Азаматтық БАҚ Орталығын құрған және өзінің «Біз- медиа» атты кітабында: «Азаматтық журналистика-бұл адамзат үшін адамдармен жасалынған журналистика» деп жазады. Нью-Йорктағы Университеттің журналистикадан оқытушы маман Джэй Роузеннің айтуынша: «Азаматтық журналистер – бұл біз бұрын аудитория деп атаған адамдар», бұл жерде автор бүгінгі блогтарға баға берді деп айтуға болады, себебі блогшылар өзі қызықтайтын немесе зерттейтін салада материал жариялайды. Интернеттегі жаңалықтар ТВ және радиодан да жедел ақпарат жариялайтын болды.