jump to navigation

Блогинг эволюция Наурыз 10, 2008

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг, медиа.
trackback

Басында блог жай ғана уақыт өткізудің немесе әуестенушіліктің бір түрі болса, уақыт өте келе БАҚтың жаңа түріне, саяси факторға, ал кейін маркетинг пен PR дың жаңа құралына айналды.

1994 жыл. Жаңа кезеңнің бастауы. Студент Джастин Холл\Justin Hall алғаш интернетте күнделік жүргізе бастады. Кейде блогтың алғашқы иесі танымал программист Дэйва Вайнера\Dave Winer болған деп айтады.

 17 желтоқсан 1997 жыл. Терминнің дүниеге келуі. Джорн Бэргер\Jorn Barger «Robot Wisdom» атты интернет-күнделіктің иесі, әрі редакторы, weblog сөзін алғаш рет қолданды. Logging the web (”торда күнделік жүргіземін” деп аударуға болады) – осылайша баяндауыш бастауышқа айналды.

Сәуір-мамыр 1999 жыл. Тіл реформасы. Питер Мерхольц\Peter Merholz  «Peterme» блогының иесі, weblog сөзін екіге бөлді - we blog (біз күнделік жүргіземіз деп аударуға болады). Blog сөзінің негізінде жаңа баянадауыш пайда болды - to blog.

Тамыз 1999 жыл. Революцияның басталуы. Сан-Францискодағы Pyra Labs атты кішкентай компания  Blogger порталын ашты. Бұл алғашқы тегін, қарапайым құрал болды және ол блогосфераның дамуының баспалдағы еді.

Желтоқсан 1999 жыл. Расти Фостер\Rusty Foster (Pyra Labs компаниясы) Scoop бағдарламалық қамтамасыз етуді жасады және ол Kuro5hin сайтында қолданылды. Енді пайдаланушылар пікірлерді модерациядан өткізе алды. Бұл сайт техника мен мәдениет мәселелерін талқылады.

Қараша 2000 жыл. Блогтардың саясаттандырылуы. Тәуелсіз журналист Джош Маршалл\Josh Marshall  «TalkingPointsMemo» атты блог ашты, бұнда “флорида дағдарысы талқыланды АҚШтың Флорида штатындағы дауыс беру кезіндегі дауыстардың саны қалай саналды және т.с.с. даулы мәселелер.

Қыркүйек 2001 жыл. Блогшылар алғаш рет үлкен БАҚ үшін маңызды ақпарат көзіне айналды. Нью-Йорктағы интернет-күнделік авторлары 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған терракт жайлы оқиға орнынан репортаж жүргізді, фото орнатып, куәгерлерден ақпарат жинады. Енді блогтарға деген көзқарас күрт өзгерді. Америка университеттерінің журналистика факультеттерінде блогингті феномен ретінде зерттей бастады. (Әзірге осы, жалғасы бар :)

ақпарат көзі - http://www.washprofile.org/?q=ru/node/6664

Пікірлер»

1. urimtal - Наурыз 11, 2008

Тарих осылай жазылады. Өте қызық мәлімет екен.

2. arsenal777 - Наурыз 11, 2008

ия, тарихын осылай жазатын шығармын.

3. bakytnur - Наурыз 11, 2008

Ne deushi edi, chronology degendi.. Jylnama deushi me edi..

Blog jylnamasy

4. arsenal777 - Наурыз 11, 2008

ресми жылнама, толықтыруға әрине болады, қосымша ақпарат болса.

5. janarai - Наурыз 11, 2008

Осындай пайдалы ақпараттар беріп жүргеніңе рахмет, жаным. Ақылды әрі ізденімпаз баласың ғой.