jump to navigation

Арсеналдың мұңы. Ақпан 25, 2008

Posted by arsenal777 in Arsenal.
trackback

23 ақпан. Сейнт Эндрюс Стадионы, 27 195 көрермен. Бирмингем – Арсенал – 2:2 (1:0)
Голдар: Макфадден, 29 – 1:0, Уолкотт, 49 – 1:1, Уолкотт, 56 – 1:2, Макфадден, 90 – 2:2.
Құрамалар:
Бирмингем: Майк Тейлор, Мартин Тейлор, Риджуелл, Мерфи, Келли, Джонсон, Капо (Сарате, 59), Ларссон (Нафти, 66), Муамба, Макфадден, Форселль (Парнби, 15).
Арсенал: Альмунья, Галлас, Сендерос, Клиши, Санья, Глеб (Жилберто, 90), Фабрегас, Фламини, Адебайор, Эдуардо (Бендтнер, 10), Уолкотт (Денилсон, 90).
Төреші: Майк Дин.
Шығарылғандар: Мартин Тейлор, 3.

 Матч басталғалы 3 минут өткен еді, бирмингендік қорғаушы Тейлор Арсеналдың шабуылшысы Эдуардоға қарсы шабуылға шықты. Осы кезде Тейлор ереже бұзды, бірақ бұны телевидение қайталап көрсеткен жоқ, себебі шабуыл нәтижесінде Эдуардо қатты жарақаттанды және осы жарақатты көргендердің қорқыныш-үрейі зор еді(жарақат алған мезеттің фотосы интернетте бар, бірақ блогыма этикалық және моральдық тұрғыдан оны орнатқан жоқпын). Бирмингем ойыншысы алаңнан шығарылды. Эдуардоны жедел түрде медициналық қызметкерлері алып кетіп, дәл сол күні операция жасады. Қазір форвард Лондонның солтүстік емханасында жатыр. Арсенал және Хорватияның фанаттары әлеуметтік жүйелер мен фанклуб сайттарында үнемі пікір қалдырып, баспасөз орталығына хаттарын жолдауда, олар Эдуардомен бірге және оның тез сауығып кетуін тілеуде. Қазақстандық жанкүйерлер ретінде досым Данат екеуміз де хат жолдаған болатыңбыз. 

P.S. Бүгін Эдуардо Да Силва 25-ке келді. Туған күнің құтты болсын, Канонир!

Пікірлер»

1. huanysh - Ақпан 25, 2008

Ote okinichti jait!
Martin Teylor kechrim suradi! Arsenal gana emes ozining eli Horvatyagada EURO-2008-de komektese almaitin boldi! Aldingi aptada Milandagi Ronalda sinirin uzip algan bolatin, endi Eduardo, osimen toktasa jaksi bolar edi!

2. arsenal777 - Ақпан 25, 2008

ия, солай. Пікіріне рахмет.

3. nurgeldy - Ақпан 26, 2008

:)

4. Нұрғиса - Ақпан 26, 2008

Хорват боп кеткен бірәзелдіктікі қиын енді… Давор Шукерлердің жолын жалғастырып келе жатушы еді… Тез аяққа тұры кетсін, иә? Анри кеткелі Арсен Венгердің шәкірттерінен бір ерекшелік көре алмай келемін… Чес Фабрегас жарқ еткендей боп еді, кейін босаңсып қалды… Ал Адебайор “бірде бар, бірде жоқ”… Өзім Арсенал десе бүйрегім бұра бермейді екен.. Сорри :)

5. urimtal - Ақпан 27, 2008

Қайғыларыңа ортақпын. Не де болса, мұңайма! Жеңістің бәрі жеңу емес…

6. Айко - Ақпан 27, 2008

Мына жалган омирде не,болмайды дейс1н. Кон1л1н туспес1н. Бра1 жаксы болады.

7. arsenal777 - Ақпан 27, 2008

Барлықтарыңызға рахмет. Нұрғиса, Анри оралар деп үміттеніп жүрміз. Адебайорға да үмітім зор.

8. janarai - Ақпан 27, 2008

Ойын болған соң, жеңіліс те, жеңу де болары хақ….

9. akzere - Наурыз 4, 2008

Суреттегі жігіт әдемі екен… )))

10. huanysh - Наурыз 4, 2008

Kuanyshti habar!
Arsenal Milanmen taktikalik ote jaksi oinap utti!
Goldardi Fabregas jane Adebaior sokti!
Magan A. Glebting oini unadi!
Arsenal Finalga jetuine tilektespin!
Jetse Arsenaldi koldaitin bolarmin!
Kuttiktaimin!!!!!!!