Арсеналдың мұңы. Ақпан 25, 2008
Posted by arsenal777 in Arsenal.10 comments
23 ақпан. Сейнт Эндрюс Стадионы, 27 195 көрермен. Бирмингем – Арсенал – 2:2 (1:0)
Голдар: Макфадден, 29 – 1:0, Уолкотт, 49 – 1:1, Уолкотт, 56 – 1:2, Макфадден, 90 – 2:2.Құрамалар:
Бирмингем: Майк Тейлор, Мартин Тейлор, Риджуелл, Мерфи, Келли, Джонсон, Капо (Сарате, 59), Ларссон (Нафти, 66), Муамба, Макфадден, Форселль (Парнби, 15).
Арсенал: Альмунья, Галлас, Сендерос, Клиши, Санья, Глеб (Жилберто, 90), Фабрегас, Фламини, Адебайор, Эдуардо (Бендтнер, 10), Уолкотт (Денилсон, 90).Төреші: Майк Дин.
Шығарылғандар: Мартин Тейлор, 3.
Матч басталғалы 3 минут өткен еді, бирмингендік қорғаушы Тейлор Арсеналдың шабуылшысы Эдуардоға қарсы шабуылға шықты. Осы кезде Тейлор ереже бұзды, бірақ бұны телевидение қайталап көрсеткен жоқ, себебі шабуыл нәтижесінде Эдуардо қатты жарақаттанды және осы жарақатты көргендердің қорқыныш-үрейі зор еді(жарақат алған мезеттің фотосы интернетте бар, бірақ блогыма этикалық және моральдық тұрғыдан оны орнатқан жоқпын). Бирмингем ойыншысы алаңнан шығарылды. Эдуардоны жедел түрде медициналық қызметкерлері алып кетіп, дәл сол күні операция жасады. Қазір форвард Лондонның солтүстік емханасында жатыр. Арсенал және Хорватияның фанаттары әлеуметтік жүйелер мен фанклуб сайттарында үнемі пікір қалдырып, баспасөз орталығына хаттарын жолдауда, олар Эдуардомен бірге және оның тез сауығып кетуін тілеуде. Қазақстандық жанкүйерлер ретінде досым Данат екеуміз де хат жолдаған болатыңбыз.
P.S. Бүгін Эдуардо Да Силва 25-ке келді. Туған күнің құтты болсын, Канонир!