jump to navigation

Журналист пен блогердің «3 неліктен» принципі. Ақпан 19, 2008

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
trackback

 Сіз жариялаймын деген ақпаратты қалай таңдайсыз? «Мынаны жазамын, ал мынаны жазбасам да болады»- деп қалай анықтайсыз? Материалды(блог жазбаны) жариялау немесе жарияламау шешімі «бұл киноға барайын ба, әлде бармаған дұрыс па», «бұл кітапты оқиың, әлде оқымасам да болады»- деген сияқты шешімдерге ұқсас. Әрине, базалық білім мен үлкен тәжірибе жайында ұмытпаған жөн. Соған қарамастан адамдар ереже мен заңдарды шығаруға құмар, сондықтан да «3 неліктен» принципін ұсынамыз.

1. Неліктен дәл қазір? Бұл өзектілік критериі. Басқаша айтқанда, сіздің ақпараттық себебіңіз бар ма, әлде жоқ? Оқырман сізден: «дәл осы оқиға/адам жайында неге жаздыңыз?»-деп сұрақ қоюы мүмкін, сондықтан да ақпараттық себебіңіз болған дұрыс. «Пизан мұнарасының құлап жатқанына 400 жыл болды». Дәл қазір осындай материал жарияласақ не болар? Неліктен дәл қазір? Егер де ол құлап қалса немесе құлауын тоқтатса, жағдай басқаша болушы еді. Сонымен, «Неліктен дәл қазір?» сұрағы бір адаммен сұхбаттасқан кезде де өз өзектілігін жоймайды. Әр нәрсенің өз уақыты бар демекші, әрқашан маңыздылық, көкейкестілікті жеделділікпен ұштастырған жөн. Мысал.
2. Неліктен дәл осы тақырып? Бұл маңыздылық критериі. Маңыздылықты көп журналистер қаржылық тұрғыдан анықтайды, яғни, А және Б компаниялары арасында $10 млн-ға келіспеушілік болып жатса, ал В және Г компаниялары арасындағы келіспеушілік $100 млн болсын дейік, кім жайында жазасыз деген сұраққа, көбісі екінші компания туралы жазам деп жауап береді. Бірақ кейде өте қызықты келісім-шарттар қаржылық құнынан тәуелсіз баспасөздің бірінші бетттерінде жариялануы мүмкін. Мысал.
3. Неліктен осы жерде? Бұл-редакциялық сәйкестік концепциясы критериі. Неігізінде, редакциялық концепциялар әр баспасөзде бар, бірақ оларды ешкім пайдаланбайды деп айтуға болады. Сонда оларды не үшін шығарады деген сұрақ заңды. Жауап - бір газеттің ақпараттық хабарламаларын басқа баспасөзден айыру үшін, алайда, бір журналист бірнеше газет-журнал үшін ақпарат жариялау мүмкін…әрине бұның бәрі формальдылық және тәжірибе мен теорияны ұштастыру жиі қиынға соғады, бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын ұмытпаңыз.

Пікірлер»

1. Askhat - Ақпан 19, 2008

Сәлем! Мысал ретінде сілтеме көрсеткеніңе рахмет! Сәттілік тілеймін.

2. arsenal777 - Ақпан 19, 2008

Рахмет. Сізге де сәттілік тілеймін.

3. bakytnur - Ақпан 19, 2008

Sizden suraiyn:

bul jazbany jazardan buryn bunyn jogarydagy 3 principke sai ekenin kalai bildiniz? (kaljin surak)

4. arsenal777 - Ақпан 19, 2008

таңертең ғана тауып алдым осыны, бұрын сай болмаса, енді сай болар /түнде қалжындау қиын боп тұр маған :) /

5. bakytnur - Ақпан 19, 2008

oibui nege?

6. arsenal777 - Ақпан 19, 2008

3 жарым ғой, сол)))

7. janarai - Ақпан 23, 2008

Керемет, жаным. Бұл ақпаратыңыз өте пайдалы.