jump to navigation

Блогердің 10 қатесі Ақпан 17, 2008

Posted by arsenal777 in блогер, блогинг.
10 comments

Мегаблогер қалай болам, трафикті қалай ұлғайтам және т.с.с. мәселелер блогосферада көп талқыланады. Әр блогерге міндетті түрде танымал болу және осыны мақсат етудің қажеті жоқ, себебі сіз танымал немесе оңша танымал  болмасаңыз да, адамдар сізді оқиды. Біз ең бірінші сапалы контент бар блогты оқуға тырысамыз, оның тақырыбы да аса маңызды емес - жеке, техникалық, саяси т.б.

Сонымен, блогер не істемеу қажет:

1. Өзіңіз түсінбейтін оқиғалар мен құбылыстар жайында жазбаңыз. 

2. Бір тақырыпқа тым қатты берілмеңіз.

3. Анықтап алған құбылыс немесе оқиға жайында пост жазам деп жоспарлап, уақытты созып алмаңыз. Осы кезде бұл ақпаратты оқырман басқа блогтан оқып алуы мүмкін.

4. Әр жазбадан керемет нәтиже күтпеңіз.

5. Блогыңыздың промоушыны жайында ұмытыңыз.

 6. Блогты танымал қылам деп контент жайында ұмытпаңыз. 

7. Блог арқылы ақша табу(даулы мәселе)?
8. Барлық идеяларды бір категория мен iлмекке сілтемеңіз.

9. Нәтижелерді  максимизацияландырудың қажеті жоқ.
10. Барлық  әдістерді қолданып өзіңіз жайында ақпарат таратпаңыз.

Кәсіби блогинг – бұл тәжірибе мен зейінді талап ететің процесс. Сондықтан өз принциптеріңізді қолданып,  кеңестерге назар аудармаңыз : ) Бұл материалды мен мына блогтан оқыдым.