jump to navigation

«Қазақстан» газеті Ақпан 13, 2008

Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.
Tags:
trackback

«Қазақстан» газеті 1911 жылы 16 наурыздан бастап шықты, алғашқы сандары Ордада, кейін Оралда қазақ және орыс газеттерде басылды. Көлемі шағын, 6 бетік газеттің 5 саны 1911 жылы, барлығы 14-15 саны шыққан екен. Газеттің редакторы Елеусин Бюрин болды. Басылым мақсаты әр санның басында: «Газеттің асыл мақсаты:кәсіп қыл, ғылым үйрену турасында» жазылып тұратын. Басылымның алғашқы санында берілген «Газет деген не зат» мақаласында «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат газит, со себепті газит біздің басшымыз, газит біздің дәрістер алдында көргеніміз. Дұспандарға қарсы құралымыз. Газит біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз. Газит біздің қараңғыда жарық беріп, тұру жолға салатын шам шырағымыз! Біздің қазақ балаларына бұның қадірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне тілекші болу, аз ақшаны аямай жазылып, алып оқу парыз»  деп жазды. Сол арқылы газеттің мирас етіп ұстанар шамшырақ екенін байыптап, әлеумет парызын да екшеді. «Варшавада қазақ студенттер» мақаласында Польшада білім алып жүрген қазақ жастары туралы оқырмандарды хабардар етеді. Газет бетінде мәдени жаңалықтармен бірге, танымдық, ғылым жетістіктеріне арналған материалдар да жарияланып тұрды.

Пікірлер»

1. Алмас деген біреу - Ақпан 14, 2008

“Газит” деп жазғандарына қарағанда албанша сауатты болған ғой. :)

2. Adam Kesher - Ақпан 14, 2008

Aliya, salem!
bir suraq bar – men anau audiohostingtin adresi umyt kaldym. sen magan eskerte alasyn ba? erterek rahmet :-)

3. Аршат деген - Ақпан 15, 2008

audiohosting үшін мына сайт жақсы – http://www.imeem.com