jump to navigation

SPAM тарихы тереңде… Ақпан 6, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
10 comments

Бәрімізге белгілі спам сөзі қайдан пайда болды?- бұл сұраққа жауап беріп көрейік. Әуелде, «SPAM» деген сөз 1936 жылы Hornel Foods ет консерві компанияның сауда белгісі болған екен. Ал әлемдік деңгейде спам сөзінің жалықтырып жіберетін жарнама түсінігі «Монти Пайтонның ұшатын цирк» (1969) шоуында SPAM атты скетч арқылы танылды. Бұл скетчтің негізгі мәні – бір кафенің мәзіріндегі әр тағамда «SPAM» бар, американың әзілі біздікімен жараспайтынына келісетін шығарсыз…сонымен, бұл скетч: «Мен спамды ұнатпаймын!» (ағылш.«I don’t like spam!») - деген сөзбен аяқталады және спам сөзі көрініс барысында 100 рет қайталанады. Тағы бір нұсқа бойынша, былай делінгіен, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін американдық солдаттарға арналған «SPAM» консервісі көп мөлшерде қалған еді. Бұл өнімді тез өткізу үшін Hormel Foods алғаш жарнамалық компания ұйымдастырады. «Spam» деген сөз әр арзан тауары бар дүкен сөрелерінде, автобус пен трамвайларда, газеттерде жазылып тұрады.  Жарнама радиодан да үнемі берілді. Бір сөзбен айтқанда, қайда барсаң, Қорқыттың көрі, жоқ СПАМ.