jump to navigation

Қазнеттегі журналистиканың баспалдағы Ақпан 3, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
trackback

Еліміздегі интернет-журналистиканың қалыптасуы 1996 жылы саяси процесстермен тікелей байланысты. БАҚтың монополиялану кезінде журналистер өз наразылығын, ой-пікірін, виртуалды кеңістікте жариялай бастады. Үкімет басындағыларды сынау, оппозициялық бағыттағы материалдар сайттарда көрініс тапты. Дуванов өзінің «WEB-журналистика:опасные тенденции» мақаласында интернет-журналистиканың дамуына баға беріп, атышулы www.eurasia.org сайтының материалдары «тым батыл» болғандықтан, арнайы орындардың күшімен оның айналық нұсқасы жасалып, ондағы ең провокациялаушы деген материалдары алып тасталды. Осылайша, сенсацияға құмар оқырман бөлігі шын «Евразия» сайтына кіре алмай, аз уақыттан кейін сайт мүлдем жабылды. Осыған ұқсас жағдайды басынан кешкен басқа да онлайн басылымдар www.turan.kz, www.nomad.web.com, т.б. Анонимді журналистиканың үлгісі болған осындай сайттағы материалдар БАҚ-ң бір түрі дегеннен гөрі саяси таластардың аренасына көбірек ұқсайтын еді. Қазақстандағы алғаш онлайн басылымдардың тағы бір ерекшелігі және кемшілігі, ақпарат сенімсізділігі, тілдің тұрпайылығы. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге қауқарсыз болған. Кейінірек интернет аудиториясы үшін саяси, әлеуметтік топтардың кез-келген өкілі ашық пікірі мен көзқарасын білдіре алатын трибунаға арналған, қазақстандық интернет-журналистиканың жаңа баспалдағы болған «Навигатор» интернет-газеті. Жариялаған материалдарға жасалған пікірлерге редакция жауап қайтарып, оқырманымен тікелей байланыста болатын. Басылымды Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, және Алмания оқырмандары оқып, 40 мемлекетке таралатын. Бұл басылым нағыз журналистік еңбектің жемісі: интернеттің интерактивті мүмкіндіктері пайдаланып, журналистиканың жаңа стандарттарын қалыптастырды.  Осы тұста басылмның талантты журналисі марқұм болған Асхат Шәріпжанның жасаған еңбегі де зор екенін айтқымыз келеді. Тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым бірнеше сот процесстерінен кейін адресін өзгертуге мәжбүр болды, «Навигатордың» аты да өзгерді: «Зона KZ» бүгінгі технологияларға сай шығып жатыр.

Пікірлер»

1. bakytnur - Ақпан 3, 2008

Tildin turpailygy?

2. arsenal777 - Ақпан 3, 2008

90-ж.ж. алғаш сайттардың тілі тұрпайы болған

3. bakytnur - Ақпан 3, 2008

Kazir she?

4. arsenal777 - Ақпан 3, 2008

қазір модерация, цензура деген сияқты…оқырман көбейді(талғам өсті),мен негізі Қазнеттегі орыс сайттарды оқымаймын, бұл ақпарат Қазақстанда интернет-журналистиканың дамуы жайында ғой…сол кезде қазақша сайттар жоқ болатын. Орыс тілді сайттар опозициялық бағыттағы материалдарын жариялап тұрған, оқырмандары аноним болғасын, неше түрлі жаза берген ғой пікірлерде…негізі нақты айта алмаймын, ол кезде интернетке шығу мүмкіндігім болған жоқ)))

5. bakytnur - Ақпан 3, 2008

Kazir sary uaiym kop, jamandau kop.. Sen aitkandai senzura.

Karadai kartaitatyn janalyktar kop kazir..

6. arsenal777 - Ақпан 3, 2008

онда ақпарат көзін таңдап алу керек, фильтр сияқты…мысалы бұрын оппозициялық басылымдар көп болатын, Ақ жол, СолДАТ, Сөз деген сияқты, соларды оқып, шынымен де өмір сүруге қорқатынсын. Қазір ресми ақпаратпен шектелемін.

7. bakytnur - Ақпан 3, 2008

Shynynda da…

8. Керім - Мамыр 4, 2008

Жалпы бағытың дұрыс, Сіңлім!