jump to navigation

Әлем күнделіктері. Қаңтар 7, 2008

Posted by arsenal777 in блогинг, медиа.
8 comments



Ребекка Блад\Rebecca Blood блог саласында ең таңымал мамандардың бірі және Weblog Handbook атты кітаптың авторы. Ребекканың блогы - Rebecca’s Pocket. Блогинг саласында оның тәжірибесі мол болғандықтан жиі сұхбат береді, көп блогерлерді қызықтыратын сұрақтарға берген жауаптары Сіздерге де қызықты, әрі пайдалы болады деген ойдамын.
?: «Бүгінгі блогинг-қарапайым адамдарға арналған журнализм» деген пікір қалыптасты, сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
Р: Блог-бұл бос контейнер. Оған журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа кез келген тұжырымдарды да кіргізуге болады. Ал журналистика – бұл біріншіден тәжірибе. Кімде-кім ақпараттың сенімді көздерін қолданса және оларды тексеретін болса, сол журналистикамен айналысады деп айтуға болады. Бірақ блогерлердің көбісі тек өз ойын, пікірін білдіруге тырысады, ал журналистердің өзі барлық жарияланған материалды журнализм деп санайды, бұл да қате пікір. Дәстүрлі БАҚ өз күшін ешқашанда жоймайды, себебі журналистика бұл көп уақытты талап ететін қажырлы еңбек, ал көп адамдар бұған өз уақытын жұмсағысы келмейді немесе олардың мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан да дәстүрлі БАҚ бұл біріншіден сенімді ақпарат, оның мәртебесі мен пәрменділігі де осында. Меніңше, жаңа медиа-кеңістігiнде блогер де, журналист те орын табады. Алайда, блогерлердің көбісі дәстүрлі БАҚтың материалдарын қолданады және оған сілтеме жасайтынын ұмытпау керек. Ал журналистер артында блогерлердің бар екенін үнемі жадында сақтайды және олардың еңбегін бағалайтын адамдардың бар екенін тағы біледі, осындай бәсекелестік тек материалдың сапасын жақсартады.
?: Блогосфераның ресми емес этикалық кодексі бар ма?
Р: Мен өз кодексімді құрастырдым және оны өзімнің онлайан-кітабыма енгіздім. Оны қолданам деген адам үшін еш қарсылық жоқ. Бірақ бәріне ортақ этикалық нормалар мен ережелер кодексі жоқ. Әлем торында миллиондаған блог бар болғандықтан, олардың бәріне қолданған материалға сілтеме жаса деп айта алмайсын.
?: Блогтың сәтті жазылуына, таңымалдылығына не әсер етеді?
Р: Жақсы блогер басқаларға қызықты тақырыпта материал дайындау керек. Бұл ең дұрыс формула. Бұндай адамдар оқырманның көкейіндегі сауалдарына жауап беруге тырысады және бұндай блогтар жиі жаңартылады. Блог жүргізуші шынымен де жақсы автор болуы тиіс немесе бәріне ортақ көзқарастың арқасында пікірлерін, ой- тұжырымдарын ортаға салады.
?: Блогтың таралу үрдісі кезінде сізді таң қалдырған нәрсе?
Р: Мені бәрінен де таң қалдырғаны - блогтардың саны. Басында мен блогтардың саны 500 және әрқайсымыздың мыңдаған оқырман саны болады деп ойлағам. Бірақ шын мәнісінде миллиондаған блог пайда болды, ал әр блогтың оқырман саны орта есеппен алғанда 6-7 адам. Меніңше, мәселе оқырман санында емес, ал блог оқырмандарының сегментінде, яғни 6-7 адам болса да, ақпаратыңызды қажет деп санайтын және үнемі оқитын тұрақты оқырман саны.
http://www.washprofile.org/ru/node/6665

Әлемнің ең таңымал блогері. Қаңтар 5, 2008

Posted by arsenal777 in блогер.
2 comments



Кейбіреулер блогингты жаңа медиа емес, өз ойын, идеясын жария ететін қол жетерлік құрал деп ұғады. PRO-блог, PRO-блогерлер бар, және олардың пікіріне мыңдаған адам сілтеме жасайды, идея мен теорияларына сүйенеді. Бұл блогтар: Boing Boing, TechCrunch, Engadget, Gizmodo және т.б. Әлемнің «мәртебелі» блогері деп Майкл Скобл, Майкл Аррингтон, Ом Маликты санауға болады. Бірақ…біз әлі естімеген, соған қарамастан әлемнің ең көп оқылатын http://blog.sina.com.cn/xujinglei блог авторы Xu Jinglei қытай қызы екен. MSNBC.com да 2007 жылдың шілде айында жарияланған материалы бойынша Ксю Джинглей «Жылдың ең таңымал блогерi» деген атаққа ие болды. 600 күн ішінде блогтың беті 100 миллион рет қаралды. Блогтың мазмұны мен тақырыбына келетін болсақ, бұнда ешқандай нақтылық жоқ. Яғни, тұрақты тақырып былай тұрсын, блогтың жаңартылуы тұрақты емес, дизайны да біртүрлі…пост саны аз, соған қарамастан 1000даған комментарийге толы. Автор бұл блогты қытайша жүргізгендіктен, ағылшын баламасын да жасаған болатын. Бірақ ағылшынша ағып тұрмағандықтан, пост мазмұны қарапайым, мысалы «Finally the first kitten’s been born!!! Just waiting for the second, in the middle of the third one now!!!!!!!! It’s midnight, she gave birth to another one!!!!!! 12:40, the third one was born smoothly. Her owner’s very happy!!!!!!!!!!!» Мамандығы бойынша Ксю режиссер. Кейінгі кезде ән айтатын болды, өз алғашқы таспасын да жазған. San Sebastian International Film Festival-да «Белгісіз әйелдің хаты» атты бейнетуындысы үшін «үздік режиссер» номинациясында жүлдегер атанды. Ксю электрондық түрде журнал да шығарады. Журналды ай сайын 3 миллион адам жүктеп алады.
http://internetno.net/2007/12/24/number_one_blogger/

Канададағы қазақ. Қаңтар 4, 2008

Posted by arsenal777 in блогер.
1 comment so far

Рахим Дәулетқалиев Орал қаласының тумасы, қазір 19да. 2007-жылдың жазынан бастап Болашақ бағдарламасымен ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша Оттаваның(Канада астанасы)Карлтон университетінде оқып жүр. Тамыз айынан бастап орыс подкаст дерикториясында http://rpod.ru/ «Казах в Канаде» http://pax.rpod.ru/ атты подкасттарын жариялауда. Жеке подкаст-лентада Freetonik(Рахимның ник аты)Канададағы өмірі, оқуы, білген-көргені жайында тыңдармандарымен бөліседі. Өкінішке орай бұл подкастта қазақ еліне деген отансүйгіштік сезімдер жоқ деп айтуға болады, мүмкін бұл бағдарламаның форматы мен тыңдарманына немесе басқа себептерге байланысты болар. Айта кететін бір жайт, Рахимның тыңдарман саны шамамен алғанда 300. Сонымен қатар IT мәселелеріне арналған «Radio U» атты http://radio-u.rpod.ru/ радио-бағдарламаларды Ресей подкастерлерімен бірлесіп шығаруда. Бұл подкаст ақпараттық технологиялар, компьютер, софт, ойындар сияқты тақырыптарды қамтиды. Дәл қазір Рахим университеттегі емтихандарын тапсырып, Оралға демалысқа келдi.

2007 жылы 86 журналист мерт болды. Қаңтар 3, 2008

Posted by arsenal777 in медиа, статистика.
1 comment so far


БАҚ қызметкерлері үшін 1994 жылдан кейін 2007 жыл ең қайғылы болды деп хабарлайды http://news.mail.ru . «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы өзінің баяндамасында 2007 жылы 86 журналист пен басқа да БАҚ қызметкері қаза болды. Көбісі-47 адам-Иракта. Сомалиде-8 және Пәкістанда-6. Сонымен қатар, баяндамада тілшілердің қызмет атқарып жүрген кезінде қаза болғандар саны 244 пайызға ұлғайғаны жайында айтылды. 2008 жылдың 1 қаңтарға дейінгі ахуал бойынша бірнеше елде 135 БАҚ өкілі бас бостандығынан айырылған және бұл көрсеткіш жыл санап өзгертілмейді деп айтуға болады. Интернетте жұмыс істейтін журналистерге қысым көрсету мен соққыға жығу жағдайлары жайында да айтылды. РИА«Новости» мәліметі бойынша әлемде 1 жылдың ішінде 2766 сайт(көбісі пікірталас форумдар) жабылды немесе уақытша жұмысын тоқтатты.

Тимур Бекмамбетовтың блогы http://tbekmambetov.livejournal.com/ Қаңтар 2, 2008

Posted by arsenal777 in блогер.
5 comments



«Банк „Империал“» жарнамасы, «Түнгі шолғыншылардың» және 2007 жылдың аяғында РФ киноәлемі көп күткен бейнетуындының режиссері Т. Бекмамбетов блог жүргізуге кірісті. Әзірше блогта қысқа 2 пост жарияланды, сонымен қатар блогтың иесі шынымен де Тимур екенін дәлелдейтін және «Ирония…жалғасына» кірмеген эпизодтан тұратын 2 бейнеподкаст бар.