jump to navigation

Технологиялық революция Қаңтар 28, 2008

Posted by arsenal777 in медиа.
trackback

Әлемторды шарлап, журналист маманның Интернет жайында мынадай бір пікірін тауып алдым, ұнады, әлім келгенше аудардым. «Glasnews» журналының бас редакторы мен халықаралық «The Seattle Post-Intelligencer» бөлімнің редакторы Элан Бойл бір сөзінде: Технологиялық революцияның жаңа мерзіміне қош келіпсіз! 1989 жылы Берлин дуалы бұзылған сияқты, бұл революция да халықтар арасындағы шекараны бұзады. Жаңа электрондық магистральдар Бішкек пен Пекинді, Вильнюс пен Ванкуверді, Душанбе мен Даккардың араларын байланыстырады. Және бұл революцияның басы-қасында коммуникация саласындағы мамандар журналистер болуы қажет. Журналистердің негізгі мақсаты – пайда болған мүмкіндіктерді байқау…біреулер теңізбен, басқасы жылдамдығы жоғары магистральмен немесе кітапханамен салыстыратын ақпараттық кеңістікті түсіну. Шынымен де, ақпараттық кеңістік кітапханадағыдай сілтеме арқылы қажет ақпаратқа жол ашады. Не болмаса, салиқалы жиындағыдай бір бөлмеден екіншісіне өтіп, басқа қонақтармен сізге қызықты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Оны телефон ретінде де байланыс үшін пайдалануға болады. Оның көмегімен жаңалық пен жарнаманы жария етуге болады және бұл іс біздің ақпараттық ғасырымызда табыс әкелуде. Алайда, бұл ақпарат кеңістікте саяхат жасаған кезде тек өзіндік тәжірибиеге сүйену қажет, сонда ғана бұл теңізді бағындырып, жылдамдығы жоғары магистральмен машина жүргізіп, қажетті ақпаратты әлемдік кітапханадан тауып алуға болады.

Пікірлер»

1. bakytnur - Қаңтар 28, 2008

Iya, kelisemin. Berlin duali jigilui, USSRdin kiraui, Windows – > Netscape-> Google!

World is flat degen kitapta osy turali tolik jazilgan. Sol kitapty bolsa tauyp oky! (Orysshasy bar dep oilaimyn, men agylshynsha okigamin. Jakinda mongolshasy basilip, bestseller bolip jatkan)

2. arsenal777 - Қаңтар 28, 2008

рахмет. bestseller болып жатса, тауып алатын сияқтымын.

3. urimtal - Қаңтар 29, 2008

Шынымен де әлем құрқылтайдың ұясындай кішірейіп бара жатқандай.

4. janarai - Қаңтар 29, 2008

akparattuk kogam damu ustinde jane dami beredi de