Блогосфера Желтоқсан 6, 2007
Posted by arsenal777 in блогинг.1 comment so far

«Блогосфера» - термины блог әлемінің жалпы бейнесі және Интернеттегі олардың жеке бөлігі саласында қолданылады. Негізінде, блогосфераның құрылымында мазмұнынан тәуелсіз әр жеке блог орналасады. Барлық блогтардың саны қанша екенін анықтау
қиын, бірақ танымал Technorati (http://www.technorati.com/) іздеу қызметі 2006 жыдың сәуір айына дейін 36.8 миллион вебсайт пен веблог тауып алды. Олардың мағлұматтарына сүйенсек, күн сайын 75000 блог өз өмірін бастап, күн сайын 1.2 миллион жаңа хабарлама қосылады екен. Бұл тек қана Technoratі зерттеп тапқан блог саны, ал дүниежүзінде бұдан басқа миллиондаған қаншама блог бар… Блогосфера әлем сияқты кішігірім қоғамдастықтарға бөлінеді. Мысалы, Ресей блогосферасы орыс тілінде, Ресейде орналасқан және Ресей жайында жазылатын блогтардан, армян тілді блогосфера әртүрлі тақырыпта жазылған армян тіліндегі блогтардан тұрады. Блогосфера әрқилы себепке байланысты жіктелуі мүмкін және әр жеке блог әр түрлі блогосфераның бөлігі бола алады.
«Дала уалаятының газеті» . Желтоқсан 6, 2007
Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.add a comment

1888 – 1902 ж.ж. Омбы қаласында жарық көрді. Басында «Акмолинские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Редакторлары:Козлов, Михайлов, Абаза, Попов, Лавров, Аблайханов, Сұлтанғазин, Дүйсембаев. Газетте ақпараттық материалдарымен( Стамбұлдағы Айя-София мешіті туралы, Баян ауылдан, Ғылым хабарлары) қоса публицистикалық, көркем-әдеби туындылар көп. Аңыз, хикаялар, жұмбақ, мақал, өлең, ертегілер көптеп кездеседі. Мысалы, араб елінің «1001 түннің хикаясы» ертегісі, Жиренше шешен, Үш дос, Рас һәм қисық, Толағай һәм бөрі тастаған таулар турасынан т.б. Дала уалаятының газетінде бүгінгі кітаптарға жазылатын аннотацияға ұқсас материалдар да аз емес. Мысалы, «Бір жаңа кітап турасынан», «Басылып шыққан кітаптар туралы», «Жаңа кітаптар», «Қазақтарға пайдалы кітаптар».