jump to navigation

Тас-талқан қағидалар Қараша 29, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags:
add a comment

Олар анау жақта әлі де мақала жазып, жалынды сөздер сөйлеумен болады, ал біз мұнда лазареттерді, өлім алдында жатқандарды көреміз. Аналар мемлекетке қызмет етуден артық ештеңе жоқ деп әлі де қиқу салып жатады, ал біз болсақ ажалдан асқан құдіретті күш жоғын әлден-ақ түсініп қалдық. Бірақ оған қарап бүлікшіл де, дезертир де, қорқақ та болған ешкім жоқ (бұл сөздерді олар оп-оңай айта беретін); туған елімізді біз олардан кем сүймейміз, жауған оққа қарсы шабуылға бара жатқанда бірде-біріміз тайсалып көрген емеспіз; бірақ әр нәрсенің сырын түсініп, көзіміз енді ғана ашылғандай болды. Байыптап қарасақ, олар жасаған дүниеден ештеңе қалмапты. Біз ойда жоқта жан түршігерлік жалғыздыққа душар болғандаймыз, одан шығу жолын тек қана өзіміз табуымыз керек.

Эрих Мария РЕМАРКТЫҢ «Батыс майданында өзгеріс жоқ» атты романынан үзінді

Гуглдың толқынына шақыру Қараша 23, 2009

Posted by arsenal777 in Негізгі ақпараттан тыс.
Tags:
6 comments

Бүгін Твиттердегі бір фолловерім айтпақшы: “Ешкімге қажеті жоқ Google Wave-ке ешкімге қажеті жоқ 7 инвайтым бар “. Егер сіздерге қажет болса, джимейлдағы адрестеріңізді жіберіңіз :)

Webby сыйлығының авторлары басты желілік оқиғаларды атап шықты Қараша 22, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
add a comment

Webby Awards интернет-сыйлығының ұйымдастырушылары Webby 2000’s Top Ten атты соңғы он жылдың ішінде интернетпен байланысы бар басты оқиғалардың тізімін жариялады. Осы нұсқа бойынша екі мыңыншы жылдарда адамзаттың желілік жетістіктері осылар:

2000 жыл
1. Жеке хабарландыруларды жариялайтын Craigslist сайтының ықпалы Сан-Францискодан әрі қарай жайылады.
2. Контекстті жарнама Google AdWords сервисі.

2001 жыл
3. «Википедияның» ашылуы.
4. Napster ірі файл алмасу желінің жабылуы.

2004 жыл
5. Google компаниясының биржаға шығуы.

2006 жыл
6. Онлайндық видео-революция, «Макромедия» бастауымен Flash-плеердің пайда болуы және «Ютюб».
7. «Фейсбуктың» ашылуы және микроблогинг сервисі Twitter-дің дүниеге келуі.

2007 жыл
8. Apple iPhone телефонының пайда болуы.

2008 жыл
9. АҚШ президентінің сайлау алды кампаниясының интернетте өтуі.

2009 жыл
10. Иран президентінің сайлауындағы дауыс беру нәтижесіне қарсы шыққан адамдардың Twitter-акция ұйымдастыруы.

Ақпарат көзі

P.S. Қарап отырсаңыз, бұл да тарих, бірақ осы оқиғалардың көбісі бүгінде біз үшін қалыпты жағдайға айналды.

P.P.S. Айтпақшы, барлық жүлдегер блогшыларды құттықтаймын.

Интернеттің танымал тілдері Қараша 18, 2009

Posted by arsenal777 in медиа, статистика.
Tags:
9 comments

Интернетті 1,5 миллиардтай адам қолданады және олар түрлі тілдерде сөйлейді (6912 тіл бар деп есептелген). Осы адамдардың жартысынан көбі ағылшын, қытай және испан тілінде сөйлейді екен. Discovery News сайтымен жыл сайын жасалынатын интернеттегі ең танымал тілдер рейтингі жарияланған болатын.

10. Кәріс тілі

Бұл тіл тізімде уақытша орналасқан деген болжам бар. Жалпы бұл тілде 37 миллион пайдаланушы сөйлейді.

9. Орыс тілі

Былтырғы тізімнен итальян тілін (34,7 миллион) ығыстырған орыс тілі; пайдаланушылар саны — 45 миллион.

8. Араб тілі

Былтыр 10-шы орында болған. 50 миллион пайдаланушы.

7. Неміс тілі

Германияда 65 миллион адам (елдің 67% тұрғыны) интернетке кіреді екен.

6. Португал тілі

Португалия және Бразилия елдерінің 96% тұрғыны интернетті қолданады. Бұл 73 миллион адам.

5. Француз тілі

Француздардың 36 миллионы интернетті пайдаланады (тұрғындардың 58%). Алайда, француз тілінде тек француздар ғана сөйлемейді. Сонымен — 79 миллион.

4. Жапон тілі

Жапонша интернетте 95 миллион адам сөйлейді. Ал жалпы елде 128 миллион адам тұрады.

3. Испан тілі

136,5 миллион пайдаланушы испан тілінде сөйлейді.

2. Қытай тілі

Елде интернетке кіру 27,9% құрайды, ал иероглифтерді түсінетін пайдаланушылар саны — 383 миллион.

1. Ағылшын тілі

Әрине, ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді деп айтуға болады. Пайдаланушылар саны — 478 миллион.

ақпарат көзі

Брэдбери гуманизм жайында Қараша 15, 2009

Posted by arsenal777 in публицистика.
Tags:
add a comment

703701Осыған дейін машиналарды не үшін қолдандық? Адамдарды тек жылату үшін ғана. Әр кез, адам мен машина енді үйлесімін таппақ болғанда, – бац! Әйтеуір біреуі бір жерде қулық жасап, артық бір бұранданы бекітеді – міне, ұшақтар бізге бомба лақтырып, автомобильдер құздан шыңырауға құлайды. Осыдан кейін балаға Бақыт машинасын неге сұрамасқа? Ол әбден дұрыс айтады!

***

Соғыста мүлдем жеңбейді, Чарли. Бәрі де тек жеңіледі, ал кімде-кім соңғы жеңілетін болса, сол бітімге келуді сұрайды.

Рэй Брэдберидің “Бақбақ шарабы” шығармасынан үзінді

Google Толқын Қараша 11, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , , ,
5 comments

google_wave_logoЖаздың басында Google компаниясы жаңа сервистің тұсау кесерін жасаған болатын. Компанияның айтуынша, бұл сервис – Интернетте бірлесіп жұмыс істеу саласындағы төңкеріс.

Бағдарламалық қамтамасыз ету конференциясында жасаушылар “Google Wave” (ағылшын тілінен аударғанда “толқын”) атты байланыс сервисінің презентациясын жасады. Бұл сервис байланысудың әмбебап құралы және жасаушылардың ойынша ол электрондық пошта, лезде алмасу хабарламалардың бағдарламаларын, фотохостинг және wiki-редактордың орнын басуы қажет. Сіз әріптестеріңізбен сұхбаттасқан кезде экранда жазылған әр жаңа әріптің жазылу жолы көрініп тұрады, сұхбат шынайы әңгімелесуге ұқсап кетеді және уақытты үнемдейді.

Орфография

Хабарламалармен тез алмасу кезінде терезеге енгізілетін мәтінде жиі қателер кетіп жатады. Осы проблемаға байланысты пайдаланушылар да, лингвистер де бұрыннан наразылық білдіріп жүр. Гуглдың толқыны сауаттылық мәселесін қарастырған болатын: сервисте мәтінде кеткен қателерді түзетудің жаңа жүйесі қолданылады. Әзірге тек қана ағылшын тілі үшін болса да, сервис сөздерді контекстке байланысты дұрыстайды. Жасаушылар бұл жүйені Natural Language processing деп атайды және оның орфографиялық сөздіктерге негізделген алгоритмдерден әлдеқайда пайдалырақ екеніне сенімді.

Хабарласу

Google Wave тек қана екі адамның ақпарат алмасуына емес, көптеген адамдардың арасында «әңгіме» жүргізуге жағдай жасайды. Егер бір адаммен жеке сөйлесемін десеңіз – ол үшін де арнайы опция бар, ондай хабарласуды «толқын асты» деп атайды. Бір-біріңіздің хабарламаларыңызды редакциялауға, ұжымдық жоспар, құжат құруға арналған мүмкіндіктер бар.

волна

Өзім Толқынға кіргелі бір айдан асты, терезеде инвайтқа қолы жеткен джимейлдегі байланыстарым бар, чаттардың ішінде басқа да қазақстандық пайдаланушылар жүр. Инвайтты yvision.kz немесе twitter.com-да жүріп, сұрап алуға анда-санда мүмкіндік болып жатады.

Үздік блогтар жүлдесі Қараша 8, 2009

Posted by arsenal777 in блогинг.
Tags: , , ,
2 comments

Қазақ блогшылары арасында арнайы жүлде-сайыстар жоқтың қасы, алайда, оларға көңіл аударылмайды деп тағы айтуға болмайды. 2007 жылы Ұлттық «Мәссаған» порталы мен Қарағандылық үкіметтік емес ұйым өздерінің жеке жүлделерінде қазақ блогшыларына арнайы номинация арнаған-тын. Жеңімпаздар – блогшы Қуаныш Мағзуов пен Асхат Еркімбай болатын. 2008 жылы Award.kz жүлдесінде «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» номинациясында 3-орынды иеленіп, тағы екі номинация бойынша жеңімпаз атанған блогшы – Нұрғиса Асылбеков. Ал биылғы жылы Ansar атты блогшы “Біздің ауыл” үздік блогтар жүлдесі 2009 атты жобаны ұйымдастырмақшы. Осы жоба 01.07.2009 – 20.11.2009 мерзім аралығында өтеді.

Жоба қазақ тіліндегі блогтардың мәртебесін арттыру мен олардың сапасын жоғарылатуға бағытталған. Әрине, әр блогшыға мотивация қажет және осындай жүлделер арқылы әр блогшы Қазнеттегі өз маңыздылығын сезініп қалар деген үміттеміз. Жазбалардың саны мен сапасын арттыру да – жоба мақсаттарының бірі.

Жеңімпаздар мынадай аталымдар (номинация) бойынша анықталады: (жалғасын оқу…)

Ресми емес немесе тіркеуде жоқ газеттер Қараша 5, 2009

Posted by arsenal777 in қазақ басылымдарының тарихы т.
Tags: ,
1 comment so far

90-шы жылдары тіркеуде жоқ газеттердің пайда болуы – қоғамдық саяси, әлеуметтік жағдайлардың арқасы. Интеллигенцияның газеті «Альтернатива», азаматтық қозғалыстың газеті «Азат», «Аттан», «Желтоқсан», «Сұхбат», «Бірлесу», «ұлтшыл» деген айдар тағылған «Алаш», «Түркістан» (қазіргі басылыммен шатастырмаңыз). «Түркістан» орыс тілінде Прибалтикада шығып тұрды. Редакторы – Алмаз Естеков, таралымы – 5000 дана болған. «Алаш» партиясы Прибалтикада жақтастарын тауып алғаннан соң, 1990 жылы 1000 данасы бар «ХАҚ» атты орыс және қазақ тілінде шығып тұрған газет пайда болды. Сол жылдары «Желтоқсан» газеті жарыққа шығып, 1992 жылы мамыр айында тіркеуден өтті. Оның басты мақсаты – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының себептерін объективті түрде түсіндіру, белгісіз фактілерді жариялау, халық мүддесін қорғау еді. Бұл газеттер коммунистік режимді құлату мақсатымен шықты және бұрын Байқоңыр, Арал, Нарын, Семей полигондары туралы айтылмаған тақырыптарды қозғады.

2 жасқа толдық Қазан 31, 2009

Posted by arsenal777 in блогер, статистика.
Tags: , ,
14 comments

3197525753_9a3de46ac1_o

1 қараша – блогымның туған күні! :) Осы екі жылдың ішінде блогымның арқасында сіздермен таныстым, ақпаратпен бөлістім, қызықты пікірлеріңізбен, көзқарастарыңызбен таныс болдым! Сіздер сияқты оқырмандардың бар болуы блогтың дамуына, жаңаруына әр кез оң әсер етеді! Сол үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді!

Төменде 2 жылдық статистика :)

Безымянный

Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда? Қазан 29, 2009

Posted by arsenal777 in медиа.
Tags: , ,
8 comments

biznes_l24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені – Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды.

Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны іздеу арқылы ірі компаниялардың көбісі Әлемторды маркетингтік бағдарламаларының негізгісіне айналдырды. Ал Қазақстан Интернетінде (ҚазНет) жарнаманың бүгінгі жағдайы мен даму бағыты турасында білу үшін еліміздің ақпараттық технологиялар саласының мамандарын әңгімеге тарттық. (жалғасын оқу…)